Негізгі Жаңалықтар Ақмолалық каратэшілер ел чемпионатында 27 медаль жеңіп алды

Ақмолалық каратэшілер ел чемпионатында 27 медаль жеңіп алды


ДИКТОР: Қазан айының алғашқы күндерінде Астанада киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Додаға еліміздің 17 облысы пен 3 қаласынан 400-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынасты. Чемпионаттың қорытындысымен тілшіміз Евгений Варанкин танысты.

РКС: Чемпионатқа Ақмола облысынан 31 каратэші қатысты. Олар түрлі жас және салмақ дәрежелерінде, сондай-ақ ката, кумите және командалық сайыстарда бақ сынап, жүлделі орындарға ие болды. Солардың бірі — төрт алтын медаль иегерлерінің қатарындағы Қазақстан Республикасының чемпионы Еркежан Қиямидин.

СНХ: ЕРКЕЖАН ҚИЯМИДИН, КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ҚР ЧЕМПИОНЫ: Қазақстан Республикасының чемпионаты жоғары дәрежеде өтті деп ойлаймын. Жекпе-жектер тартысты әрі жақсы өтті. Себебі әр бір қалалардан балалар келіп, жекпе-жекте алған еңбектерімізді сол жекпе-жекте көрсеттік. Мен осы жолы 16 жаста болып, бірақ әйелдер және жастар арасында шықтым, 18-21 және 18 жастан жоғары. Мен үшін ол бірінші рет болғандықтан, қиын болды. Бірақ ол әдетте болатын жағдай спортта. Сондықтан жақсы деп ойлаймын, бірінші рет үшін. Болашақта жоспарым бар – осы әйелдер арасында әлем чемпионы болып, бұйырса, және де Азия чемпионы болу мақсатымда бар. 

РКС: Чемпионат қорытындысы бойынша Ақмола облысының спортшылары төрт алтын, тоғыз күміс және 13 қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, бункай бойынша ересектер құрамасы да бірнеше күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал жекелеген спортшылар түрлі санаттарда бақ сынап, жарыста екінші медальдарын иеленді.

ДЛЯ РУС.РЕД: СЕРГЕЙ ДУХОВ, СЕРЕБРЯНЫЙ ПРИЗЕР ЧЕМПИОНАТА РК ПО КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭ: Занимаюсь каратэ с 4-х лет. Потом пришел в эту секцию. Все очень нравится. Подготовка к соревнованиям прошла очень хорошо. Долго готовились, показали неплохой результат. Наш регион хорошо выступил, думаю в этот раз. Соревнования прошли хорошо. В прошлом году в Японии занял второе место на чемпионате мира среди мужчин. Передаю опыт свой детям. Было 4 боя. Три боя выиграл, четвертый финальный уступил, второе место занял. 

СНХ: АЗАМАТ ТӘКЕНОВ, КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН БАС БАПКЕР: Жекпе-жектер тартысты болды. Әр облыстан жақсы дайындықпен келді. Келесі жылы бізде әлем чемпионаты болады Токио қаласында Жапония елінде. Соған бәрі ақырындап дайындалып жүріп жатыр спортшылар. Бірінші рет барғандар бар – Ақкөл ауданынан және Шортанды ауданының балалары. Олар бірінші орын алды, үшінші орын алды. Жақсы дайындықпен келді. Біздің балалар тоже молодежкадан шықты. 17 жастағы балалар 21 жастарға дейін жасқа қатысты. Өйткені келесі жылы әлем чемпионаты болғандықтан біз разведка жасап, басқа жас, салмаққа ауысып жүрдік. 

РКС: Енді ақмолалық каратэшілер келер жылы Жапонияда өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Қараша айында іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен спортшылар халықаралық додада ел намысын қорғайды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу