Негізгі Жаңалықтар IKomek-109 қызметіне 45 мыңнан астам өтініш түсті

IKomek-109 қызметіне 45 мыңнан астам өтініш түсті


ДИКТОР: Жыл басынан бері iKomek-109 қызметіне өңір тұрғындарынан 45 мыңнан астам өтініш түскен. Оның басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты. Өтініштерді қарау тәртібі де жаңарды. Енді мәселелер маңыздылығына қарай үш деңгейге бөлініп, әрқайсысына нақты орындау мерзімі белгіленеді. Жаңа талаптар қалай жүзеге асып жатыр? Шалғай елді мекендердегі мәселелерді шешуге цифрлық технологиялар қаншалықты көмектеседі? Тілшіміз айтсын.

РКС: Өтініштердің көбі Көкшетау, Қосшы, Астана қалалары мен Целиноград ауданынан түседі. Тұрғындарды негізінен ауызсу, электр жарығы және коммуналдық қызмет сапасы алаңдатады. Жаңа регламент бойынша әр өтініш маңыздылығына қарай үш деңгейге жіктеледі.

СНХ: АНЕЛУЛАН ДАСТАН, «SMART AQMOLA» МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Жоғары деңгейге адамның өмірі мен денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп төндіретін, сондай-ақ қоғамдық қауіп тудыратын өтініштер жатады. Мұндай өтініштер 24 сағат ішінде орындалуы тиіс. Бұл мерзім ұзартылмайды. 

РКС iKomek-109 арқылы «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы өтініштер де қабылданады. Биыл осы бағытта тұрғындардан 553 өтініш түскен. Оның 472-сі орындалды. Тағы 3 өтініш қаралып жатыр.

СНХ: АНЕЛУЛАН ДАСТАН, «SMART AQMOLA» МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Ең көп өтініш қоқыс шығару, аумақтарды тазалау, көшелерді ретке келтіру, жолдарды жөндеу және жарықтандыру мәселелеріне қатысты.

РКС: Мамандар мәселелерді тұрғындардың өтінішінен бөлек, аэромониторинг арқылы да анықтайды. Дрондардың көмегімен аумақтар бақылауға алынып, заңсыз қоқыс орындары мен абаттандыру талаптарының бұзылуы тіркеледі. Анықталған әр жағдай жауапты органдарға жолданады.  

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 


Бөлісу