Негізгі Жаңалықтар Көкшетауда халықаралық «Road to Astana 2027» фестивалі өтті

Көкшетауда халықаралық «Road to Astana 2027» фестивалі өтті


ДИКТОР: 2027 жылы елорда төрінде өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатының дүбірі көкшеліктерге де жетті. «Көкше Арена» спорт кешенінде өткен халықаралық «Road to Astana 2027» фестивалі спортсүйер қауымның басын қосты. Бүгінде қазақстанының 4 бұрышында үстел теннисінен әлем чемпионатының туы таныстырылуда. Бұл эстафетаны біздің өңір Өскемен қаласынан қабылдады. 

ИНТЕРШУМ: 

STEND-UP: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Бүгін мұнда «Road to Astana 2027» ұлттық акциясы үстел теннисінің әлем чемпионатындағы ресми туы таныстырылды. Спорт мерекесі аясында, Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының үстел теннисінен жаттықтырушысы Геннадий Андреевич қала тұрғындары мен қонақтарыны шеберлік сабақтарын өткізді. Еліміздің үздік спортшыларын даярлап жүрген білікті бапкер бүгінгі шараның маңызы мен спорттың дамуы жөнінде ой-пікірімен бөлісті. 

СНХ: ГЕННАДИЙ ГЕРАСИМЕНКО, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Бұл ауқымды оқиға. Эстафетаны өткізуіміздің, флешмобты бір-бірімізге табыстауымыздың да өзіндік мәні бар. Бұл әр өңірдің үстел теннисінен өтетін әлем чемпионаты сияқты осындай айтулы шараның ашылуын қолдайтынын білдіреді. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы айтарлықтай қарқынмен дамып келеді. Қыздарымыз да, ұлдарымыз да жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Спортшыларымыздың болашағынан үлкен үміт күтеміз. Олар әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады деп сенеміз. Қазір спортшыларымыз Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Азия чемпионаты 18–25 қазан аралығында Ташкент қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы бұл жарыста командалық, жекелей, жұптық және аралас жұптық сайыстарға қатысады.

РКС: Үстел теннисі жылдамдықты, ептілікті, дәлдікті және шапшаң шешім қабылдауды талап ететін спорт түрі. Бүгінде бұл спортқа Ақмола облысында ерекше көңіл бөлініп, жасөспірімдердің шеберлігін шыңдауға басымдық берілуде. Бүгіннің өзінде біздің өңіріміздің өз чемпиондары бар.

СНХ: МЕРУЕРТ ТӘЖІМОВА, СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР: Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионымын және жеңімпазымын. Біз жаңа ғана Астана 2027 ITTF үстел теннисінен әлемдік чемпионатының финалдық туының ресми ашылуының куәсі болдық. Шыны керек өз сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын, өйткені бұл ту жай ғана нышан емес, ол Қазақстанның әстел теннисінен әлемдік орталығы болғанын көретеді.  

СНХ: ДАЯНА ҚУАНЫШБЕК, СПОРШЫ: Мен Атбасар қаласынан келдім. Тенниспен 1 жылдан артық айналысамын. Теннисті таңдауым өйткені маған қатты ұнайды. Мен теннистен бірнеше облыстарға бардым. Теннистен бірнеше кубоктар мен медальдарым бар. 

РКС: Ақмола облысында үстел теннисімен қатар, спорттың өзге де түрлері қарқынды дамып келеді. Бұған өткен жылы пайдалануға берілген 13 спорт нысаны дәлел. Оның 7-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Бұл өңірде бұқаралық спортты дамытуға және жас спортшылардың әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижесі. Әлемдік додада Қазақстанның көк туын биікке көтеретін спортшыларымыздың қатары көбейе берсін. Енді «Road to Astana 2027» ұлттық акциясы аясындағы эстафетаны Ақмола облысы Ақтөбе қаласына табыстайды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу