Негізгі Жаңалықтар Ақмола облыстық орыс драма театры 50-ші маусымын ашты

Ақмола облыстық орыс драма театры 50-ші маусымын ашты


ДИКТОР: Шаһардағы облыстық орыс драма театры 50-ші маусымының шымылдығын түрді. Жарты ғасырлық тарихы бар өнер ордасының мерейтойына театр ардагерлері мен өнер қайраткерлері жиналды. Салтанатты кеш театрландырылған музыкалық қойылыммен басталып, ұжым мүшелерін марапаттау рәсімімен және концерттік бағдарламамен жалғасты.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Театр сахнасында 35 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан актриса Надежда Слепцова үшін бұл кештің орны бөлек. Мерейтой аясында оның көп жылғы еңбегі еленіп, Мемлекет басшысының атынан марапат табысталды.

СНХ: НАДЕЖДА СЛЕПЦОВА, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ: Биыл театрымыздың құрылғанына 50 жыл толып отыр. Әрине, қуанышымызда шек жоқ. Жарты ғасыр - үлкен белес. Өзім осы театрда 35 жылдан бері еңбек етіп келемін. Бұл жылдар бізден көп күш-жігер мен төзімділікті талап етті. Театрымызға қызмет етіп жүргенімізді мақтан тұтамыз. Ал еңбегіңнің еленіп, марапатқа ие болуы - әртіс үшін үлкен қуаныш.

РКС: Мерейтойлық маусым Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі желісімен сахналанған қойылыммен ашылды. Шығармада адам тағдыры, әділетсіздік пен заман шындығы көрініс тапты. 

СНХ: ОЛЬГА ЛУЦИВА, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ: Бұл қойылымды түрлі фестивальдердің қазылар алқасы жоғары бағалады. Идеясы қарапайым болғанымен, мағынасы терең. Біз қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің шығармасын ұлтына қарамастан, әр көрермен түсіне алатындай етіп сахналауға тырыстық. Көрермен жазушының айтқысы келген ойын, кейіпкерлердің жан күйзелісі мен толғанысын сезінуі керек. Меніңше, режиссердің басты міндеті де – осы. Қазақ қаламгерінің шығармасын әлемнің кез келген түкпіріндегі көрерменге түсінікті етіп жеткізу.

РКС: Мерейтойлық кешке белгілі өнер қайраткерлері, Қазақстанның халық әртістері Меруерт Өтекешева мен Жібек Бағысова қатысты. Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов өңір басшысының атынан театр ұжымын мерейлі белеспен құттықтады.

СНХ: ЕЛДОС РАМАЗАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың атынан сіздерді облыстық орыс драма театрының 50-ші мерейтойлық маусымымен шын жүректен құттықтаймын! өнер — халық қазынасы, ұлттық мұрамыз. Ақмола облысы - Көкше жері, қазақ мәдениеті мен өнерінде орны ерекше. Бірнеше күн бұрын облыстық филармонияның 80 жылдығынан бастама алған мәдени шаралар қазақ театрының 30 жылдығына ұласып, бүгін міне, көптеген жылдар бойы көрерменге рухани нәр беріп, театр өнерінің дамуына зор үлес қосып жатқан орыс театрының 50 жылдық мерейтойымен жалғасуда. жаңа дата - театрымыздың тарихы үшін үлкен белес.

РКС: Бүгінде театрда жүзден астам қызметкер еңбек етеді. Өнер ордасы жарты ғасыр бойы көрерменге түрлі қойылым ұсынып, өңірдің мәдени өміріне үлес қосып келеді. Мерейтойға арналған іс-шаралар бір ай бойы жалғасады. Театр ұжымы көрерменді жаңа қойылымдармен және шығармашылық кездесулермен қуантуды жоспарлап отыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу