Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер
ДИКТОР. Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры өзінің 30-шы маусымын Қазақстанның Халық Әртісі, көрнекті театр актрисасы Жібек Бағысованың туған күніне орайластырып ашты. Киелі шаңыраққа жастайынан келіп, талай кейіпкерлерді сомдап жүрген жан сексеннен асса да өнерден қол үзген жоқ. Бұл күні сахнаның саңлағы «12 күн» комедиялық спектаклінде ойнады.
естет.шум:
РКС. Көкшелік көрерменнің сүйікті рухани ордасына бүгін құшақ-құшақ гүл құшақтаған жандар жиналды. Олардың бәрі дерлік сахнаның көркі Жібек Есекеқызын құттықтауға арнайы келді. Өйткені дәл бүгін, ол кісінің туған күні театрдың 30-шы маусымы ашылуымен орайластырылды. Қызыл жолмен жүріп өткен өнер қайраткеріне басын имеген жан қалған жоқ. Өзі тәрбиелеген шәкірттері ізін ала бірінен кейін бірі жүздері жарқырап, көрермен алдына шығып, тағзым ете қошаметке бөленіп жатты. Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры ашылғалы сахналанған қойылымдардың мазмұны мен мәні, берер ойы мен тағылымы да ерекше. Өйткені Ғабит Мүсіреповше айтқанда: «Театр- хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер».
СНХ МАНАРБЕК ҚЫДЫРБАЙ, ТЕАТРДЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: Сексен алтыға келіп, Жібек апамыздың сахнада жүруі жұрт үшін, көрермен үшін үлкен жаңалық деп ойлаймын. 86 жаста сахнада ойнау, туған күнін тойлау, екінің бірінің басына бұйырмаған бақ.
РКС. Қаракөз, Қарлыға, Ақтоты, Қамажай, Ажар сияқты қазақтың тағдыры сан қилы қыздарын суреттеген Жібек Бағысова «12 күн» комедиялық қойылымында ауылдан келген аңғал әженің образын сомдады. Отбасындағы қарым-қатынас, тілдік кедергілер, кейіпкерлердің түрлі мінездері көрерменді күлдіре отырып, ойлантты. Сахна саңлағы өзінің өнерге деген шексіз құрметі мен махаббатын тағы бір мәрте жеткізіп, сүйікті ісінен қаншалықты ләззат алатынына тәнті етті.
СНХ БИСАРА МӘКЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: өзіміздің құрметті, ардақты театрымыздың анасы Жібек апамыздыңі туған күні. Осы шаңыраққа ылғи да келіп тұрамыз. Біздің жақсы көретін орталығымыз. Әр қойылымды жібермей келіп тұрамыз.Бүгінгі ашылу ерекше. Театр ұжымынатабыс тілейміз, елінің елеулісі, халқының қалаулысы болып жүре берсін
СНХ ҚАЙЫРБЕК ОСПАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: мінекей театрға әдейілеп келіп отырмыз. Жібек апайдың туған күні театр сезонының басталуына орай. Бұл театрға ашылғаннан бері шамамыз келгенше келіп тұрамыз.
РКС. Театр- сахналық іс-әрекет арқылы өмір көріністерін, адамдардың мінез-құлқын, ішкі сезімін және қақтығыстарын тірілей бейнелейтін, актер мен көрермен арасында тікелей энергия алмасуы жүретін синтездік өнер. Сондықтан еңбегі бағаланған театрдың актерлары мен актрисалары мәдениет саласына қосқан ерекше үлесі үшін медальдар, құрмет грамоталары және алғыс хаттарға ие болды.
-естет. шум:
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.