Негізгі Жаңалықтар Болашақ құтқарушы қыздар

Болашақ құтқарушы қыздар


ДК: Құтқарушы мамандығы – батылдық пен шапшаңдықты ғана емес, мықты дайындық пен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ал бұл салада қыздардың қатары жыл санап артып келеді. Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы осыдан төрт жыл бұрын алғаш рет аруларды курсант қатарына қабылдаған еді. Келер жылы ел тарихында тұңғыш рет оқу орнын құтқарушы лейтенант қыздар тәмамдайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бүгінде академияда 30-ға жуық қыз білім алып жатыр. Олар төтенше жағдай болса халыққа көмекке келетін кәсіби офицерлер. Құтқару саласы үшін бұл – жаңа белес. Сап түзеген арулардың арасында спорт шеберлері, түрлі жарыстарда топ жарған арулар бар. 

СНХ: ЖҰМАБЕК ХАСЕНОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Бұл жерде тек қана құтқарушы ғана емес, ел қорғанын да дайындаймыз, биыл, былтыр қыз балалардың оқуға түсуге деген үміткерлердің саны өте көп болды. Бірінші дайындайтын мамандарымыз бұл қарауыл бастықтары, өрт жағдайы болсын, бір жерде авариялық жағдай болсын, құтқару жағдайлары болса, операциялар болса, сол жерге бірінші барып көмек көрсететін осы қарауыл бастықтары.

РКС: Батылдықты сөзбен емес, іспен дәлелдеп жүргендердің бірі – Альбина Аюпова. Қарағанды облысының тумасы қару-жарақты да шебер меңгерген. Автоматты көзді жұмып бөлшектеп, санаулы секундта қайта жинайды.

ИНТЕРШУМ /Қаруды бөлшектеп, қайта жинайды./

СНХ: АЛЬБИНА АЮПОВА, КУРСАНТ: Норматив бойынша бөлшектеу 12-14-16 секунд. Әрине, бұл нормативті біз толықтай орындаймыз. Халықаралық жарыстардың ішінде «Айбын» жарыстарына қатысып, көптеген жетістіктерге жеттім. Осының арқасында қазіргі кезде академияның атағын көтеріп, мәртебесін көтеруді әрдайым жалғастырамын.

РКС: Құтқарушы болу тек аудиторияда білім алумен шектелмейді. Курсанттар қаладағы өрт сөндіру бөлімдерінде 24 сағаттық кезекшілікке шығады. Қызыл жалынмен арпалысып, өрт сөндіруге тікелей қатысады. Ал арнайы нысандарда өрт сөндіру жоспарларын зерттеп, төтенше жағдай кезінде қандай әрекет жасау керегін тәжірибе жүзінде меңгереді.

СНХ: ЖҰЛДЫЗАЙ ШАЙМҰРАТОВА, КУРСАНТ : Осындай практикалық сабақтар жиі өтеді. Өзімізді шыңдаймыз, өзімізге сабақ аламыз, қателіктеріміз болса, сонымен жұмыс жасаймыз.

РКС: Академияда 2 мыңнан аса курсант білім алып жатыр. Олардың қатарында Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген жастар да бар. Ал сап түзеген болашақ құтқарушы қыздар үшін бұл жол енді басталды. Келер жылы олардың арасынан Қазақстандағы алғашқы құтқарушы лейтенанттар түлеп ұшады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу