Негізгі Жаңалықтар Жастар таза қазақстанды қолдайды

Жастар таза қазақстанды қолдайды


ДИКТОР: «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында елімізде жол бойын тазарту эстафетасы басталды. Бұл бастаманы «Әділет» партиясының жастар қанаты — «Жастар Рухы» қолға алды. 13-16 қазан аралығында қатысушылар Ақмола облысынан Шығыс Қазақстан облысына дейінгі бағыт бойынша жолға шығады. Іс-шараның басты мақсаты — республикалық маңызы бар тас жолдардың жиектерін қоқыстан тазарту және экологиялық мәселелерге қатысты халықтың санасын арттыру.


РКС: Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Ирина Тен «Әділет» партиясының өкілдерімен, жергілікті мәслихат депутаттарымен, экологтармен, еріктілермен және жастармен бірге экологиялық акцияға қосылды. Қатысушылар жол бойындағы қоқыстарды жинап, тұрғындарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыруда.


СНХ: ИРИНА ТЕН,ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Біз енді сіздерге қара, расымен де осындай жастар бар елде тұрып жатқанымызға шын жүректен бір кеудемізді мақтаныш, қуаныш және болашаққа деген сенім кернеп отыр. Өздеріңіздей жанашыр, өз еліңізді сүйетін азаматтардың бар болғандығы, ол әрдайым сіздердің жасаған таңдауларыңыздың, жасаған әрекеттеріңіздің нәтижесі деп білеміз. Енді расымен де табиғат, Қазақстан жері біздің ортақ үйіміз деп жиі айтамыз. Бірақ ол тек ұран емес, ол тек қазір сәнде болып жатқан тренд емес. Ол шынымен де.   

РКС: Эстафета Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамаларын қолдау мақсатында өткізілуде. Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың жол бойындағы аумақтарды тазартуға ғана емес, сонымен қатар табиғатқа деген жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға да септігін тигізетінін атап өтеді.


СНХ: ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Табиғатқа жанашырлық, тазалық бұл халқымыздың қанына сіңген қасиет деп айтсам артық емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың соңғы жылдары жүргізіп жатқан жүйелі реформалар нәтижесінде мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты. Президентіміз экономикалық, әлеуметтік, цифрлық дамудан бөлек, Таза Қазақстан сияқты бастамаларына үлкен көңіл бөліп жатыр. Егер десеңіз, қоғамның тазалығы ол әрқайсымыздан басталуы керек. Санамыздың тазалығы, үйдің тазалығы, ауылдың, көшенің, тұрып жатқан айналамыздың тазалығы экологияға деген, табиғатқа деген жанашырлықтан басталады деп ойлаймын.

РКС: Жол бойын тазарту эстафетасы 16-шы қазанға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында қатысушылар Ақмола облысынан Шығыс Қазақстанға дейінгі бағытта өтетін республикалық маңызы бар жолдардың жиектерін тазарту жұмыстарын жүргізеді. Ұйымдастырушылар бұл бастама экологиялық мәселелерге бұдан да көп қазақстандықты тартады деп үміттенеді. Өйткені елдің тазалығы әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ. 


Бөлісу