Республикалық ақындар айтысы өтті
ДК: Қосшы қаласында «Тазалық – мәдениеттің бастауы» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Төл өнерді ұлықтап, сөз құдіретін дәріптейтін рухани кеш «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеясын насихаттауға және Қосшы қаласының құрылғанына бес жыл толуына арналды.
Интершум:
РКС: Республикалық айтыста ақындар тазалықты тек қоршаған ортаны күтіп ұстаумен шектемей, оны адам бойындағы ізгі қасиеттермен, ар тазалығымен, қоғамдық мәдениетпен және өзара құрметпен сабақтастыра отыра жырлады. «Таза Қазақстан» идеологиясын қолдап, ел көлемінде атқарылып жатқан игі істерді, Ақмола өңірі мен Қосшы қаласының тыныс-тіршілігін, жас шаһардың бес жылда жеткен жетістіктерін, даму бағыттары мен жаңашыл жобаларын өлеңге арқау етті.
СНХ: АЙНАГҮЛ КӨҢБАЙҚЫЗЫ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жалпы Қосшы қала болғалы өтіп жатқан 5-ші айтыс. 4 жыл ішінде жас ақындар арасында, 35 жасқа дейінгі ақындар арасында өтетін. Еліміздің түкпір түкпірінен жиналған сахнада 10 жұп қазір айтысып жатыр. Зал лық толы ине шаншар жер жоқ. Тұрғындар мұндай айтысты жыл сайын республика күні таяғанда күтеді.
РКС: Алты сағатқа жуық уақытқа созылған айтыста тазалықтың тек қоршаған ортаны күтіп ұстаумен шектелмейтіні, оның адамның ішкі мәдениеті мен тәрбиесінен басталатыны кеңінен көрініс тапты. Ақындар туған жерге жанашырлық таныту, қоғамдық орындарды таза ұстау, ортақ мүлікке ұқыпты қарау және рухани құндылықтарды сақтау мәселелерін өлеңмен өрнектеді.
СНХ: СӘТТІБЕК СЕРІКБОЛАТҰЛЫ, АЙТЫСКЕР АҚЫН: Айтыс деген ол дала өнері ғой. Ішінде барлығы тоғысқан. Айтыста қаншама көрермен өзгерсе де айтыстың салып өткен сара жолы өзгермейді. Бұрыңғы мен бүгінгіні өткені мен келешекті салыстыруға болмайды деп ойлаймын. Өйткені әр заман ағымына қарай өзгереді. Халықты да толқытқаны тазалық тақырып болып отыр. Қаланың тазалығы ғана емес, адамның жанының тазалығы керек. Сол себепті ақындар да тазалықты жырына арқау етіп, барша көрерменнің көңілінен шығуға тырысып жүр.
Интершум:
РКС: Қосшыда өткен республикалық айтыс ұлттық өнерді дәріптеп қана қоймай, тазалық пен жауапкершіліктің қоғам өміріндегі маңызын тағы бір мәрте айқындады. Айтыста бас жүлде Астанадан келген Мейірбек Сұлтанханға бұйырды. Бірінші орынды Мұхаммед Қонқаев, екінші орынды Сырым Әділбек, үшінші орынды Рүстем Қайыртай иеленді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды, өзге қатысушыларға да ынталандыру сыйақылары берілді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЕЛДОС ЖӘРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ