Орман шаруашылығы – орманшылардың қорғауында
ДИКТОР: Орман шаруашылығы қызметкерлері кәсіби мерекелерін қарсы алуға дайындалуда. Олар жасыл желекті алқаптар мен орманды мекендейтін жануарларды тәулік бойы қорғайтын мамандар.
РКС: Ақмола облысының аумағында 400 мың гектардан астам орман бар. Оны 13 орман шаруашылығының мамандары қорғайды. Орманшылар мен қорықшылар аумақты тәулік бойы аралап, өрт қауіпсіздігін бақылауда ұстайды. Сергей Исаев бұл жұмыс табиғатқа деген сүйіспеншілікті талап етеді дейді. Исаевтардың үш буыны 80 жылдан астам уақыт бойы туған өлкенің табиғатын қорғап келеді.
СНХ: СЕРГЕЙ ИСАЕВ, ОРМАН ШЕБЕРІ: Жаз мезгілі біз үшін өте қызу кезең. Біреулер үшін бұл демалыс уақыты болуы мүмкін: орманға барып, саңырауқұлақ теріп, тынығуға келеді. Ал біз үшін бұл – өрт қаупі күшейетін, саңырауқұлақ пен жидек терушілер көп келетін қарбалас шақ. Адамдар орманға демалуға келеді, ал біз үшін бұл демалыссыз атқаратын жұмыс. Жыл он екі ай еңбек етеміз. Қыста жұмыс біршама азайғанымен, жауапкершілік пен міндеттер азаймайды. Шыршаларды қорғау, бүр жинау сияқты жұмыстарымыз да жетерлік.
РКС: Сергейдің әкесі де орман шаруашылығында еңбек етіп, осы салаға 37 жылын арнаған. Орман шаруашылығы ардагерінің айтуынша, мекеме құрылған кезден бері көп өзгеріс болған. Техникалық жабдықталу жақсарып қана қоймай, жұмыс бағыты да өзгерген.
СНХ: АЛЕКСАНДР ИСАЕВ – ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Алғаш жұмысқа кіріскен кезде бұл жерде ағашты жаппай кесу жұмыстары қарқынды жүретін. Ағаштарды кесе беретін. Ал қазір орман шаруашылығында негізінен ауруға шалдыққан, қураған және жел құлатқан ағаштар ғана кесіледі. Бұрынғыдай жаппай ағаш дайындау жоқ. Қазір басты назар орманды қорғауға аударылған.
РЗК: Исаевтар отбасы «Көкшетау» ұлттық табиғи паркінің Шалқар филиалында мекеме құрылғаннан бері еңбек етіп келеді. Филиал аумағындағы 25 мың гектардан астам жерді орман алқаптары алып жатыр. Мұнда үш орманшылық, тоғыз орман шеберінің учаскесі және 31 орман айналымы бар. Сонымен қатар тәулік бойы жұмыс істейтін орман өрт сөндіру станциясы, 12 патрульдік көлік және 20-дан астам арнайы техника бар. Филиал директоры да осы салада 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ол да бала кезінен орманды қорғауды армандаған.
СНХ: ДУЛАТ ОРУМБАЕВ, «КӨКШЕТАУ» ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ ШАЛҚАР ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта өзіміз Шалқар филиалында жалпы көлемі 35-36 мың шекті, оның ішінде жаңағы төрт табиғи ескерткіштер бар. Оның ішінде ескі болатын төрт көліміз бар, оның ішінде Шалқар көлі. Енді қазіргі уақытта бүгінгі күні өте көп осындай туристер ағылып келіп жатыр бізге. Олардың ішінде жаңағы осы жұмыс істеп жатқан ұлттық парк, орман және жануарлар дүниесі комитетінің, оның ішінде біздің басқармасы жұмыс істеп жатыр. Келіп жатқан кәсіби мекемелерімен байланыстырып құттықтаймын. Барлықтарыңызға осы жұмыстарға тілейтінім зор денсаулық, отбасыларыңыз амандық, ең алған істеріңіз алға баса берсін, орманымызды өрт шалмасын ешқашан да, жұмыстарыңыз жемісті болып, кеп жақсы болсын.
РКС: Қазір облыста орман алқаптарын қорғаумен 500-ге жуық маман айналысады. Олар – туған өлкенің табиғатын сүйетін, оның қайталанбас сұлулығын сақтап қалуға үлес қосып жүрген жандар.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, НАИР ЗАХОВАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ