Astana Media Week 2026 апталығы басталды
ДИКТОР: Бүгін Астанада Astana Media Week 2026 халықаралық медиаапталығы басталды. Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған форумға Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан және Еуропа елдерінің медиа жетекшілері мен сарапшылары қатысып жатыр. Арнамыздың түсірілім тобы да сонда. Биылғы жиында қандай мәселелер талқыланып жатыр? Әріптесім Жанар Мұқышева жалғастырсын.
РКС: Соңғы он жылда медиа кеңістігі айтарлықтай өзгерді. Әлеуметтік желілер ақпарат тарату жылдамдығын арттырып, технологиялық платформалардың ықпалын күшейтті. Енді жасанды интеллект те журналистикаға дендеп еніп келеді. Биылғы жылдың басты тақырыбы да осы – «MEDIA. HUMAN. AI: 10 ЖЫЛДАҒЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ. СЕНІМНІҢ ЖАҢА АРХИТЕКТУРАСЫ» тақырыбында өтіп жатыр. Форумда жасанды интеллектіні меңгеру, оны журналистикада тиімді қолдану және жаңа технологияға бейімделу мәселелері сөз болды. Мамандар, Әлемдік медиа кеңістікте бәсекеге қабілетті болу үшін жаһандық өзгерістерді түсініп, озық тәжірибені ұлттық медианың дамуына пайдалану қажет,- дейді.
СНХ: ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
СНХ: НАДИРА ТЮДОР, EURONEWS-ТІҢ ӘЗЕРБАЙЖАНДАҒЫ БЮРО БАСШЫСЫ ӘРІ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ЖЕТЕКШІСІ: Бүгінде медиа саласы жасанды интеллектінің ықпалымен өзгеріп жатыр. Бірі жаңа технологияға бейімделсе, енді бірі оны қабылдауға әлі дайын емес. Сондықтан журналистер мен контент жасаушылардың алдында тұрған басты міндет – жасанды интеллектіні тиімді пайдаланып, сонымен бірге кәсіби жауапкершілікті сақтау. Бұл үшін жұмыс тәсілдерін қайта қарап, жаңа дағдыларды меңгеру қажет.
РКС: Пленарлық сессияда балалардың интернеттегі қауіпсіздігі де сөз болды. Мамандар әлеуметтік желілерге жас шектеуін енгізу жеткіліксіз екенін айтады. Яғни, ата-ананың жауапкершілігі мен халықаралық технологиялық компаниялармен бірлескен жұмыс қатар жүргізілуі керек. Бұл ретте жасанды интеллектіні дамыту ғана емес, оны адам бақылауында ұстау да маңызды- дейді сарапшылар.
СНХ: НЕЖАТ УНСАЛ, SMART ADVANCED TECHNOLOGIES AND INNOVATIONS КОМАПНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ (ТҮРКИЯ): Дамыған елдер де, дамушы мемлекеттер де жасанды интеллект пен озық технологияларды қолдануды жалғастырады. Бұл- заңды құбылыс. Бірақ бір нәрсені ескерген жөн. Жасанды интеллект қанша дамыса да, ол адамның бақылауында қалуы керек. Біз жасанды интеллектінің адамзаттың болашағын өз бетінше айқындауына жол бермеуіміз керек.
РКС: Медиафорум үш күнге жалғасады. Алдағы сессияларда ақпараттық саясат, креативті индустрия, жарнама нарығы және медиадағы жаңа технологиялар талқыланады. Форумға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанның медиа өкілдері, сондай-ақ Euronews, Meta және TikTok компанияларының мамандары қатысуда. Жалпы, 50-ге жуық спикер өз тәжірибесімен бөліседі.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ