Өңірде құрамында қорғасын бар шикізатты қайта өңдеу кешені ашылды
ДИКТОР: Өңірде құрамында қорғасын бар шикізатты өңдейтін жаңа кешен ашылды. Кәсіпорындағы балқыту жұмысымен аймақ басшысы Марат Ахметжанов танысты. Қазіргі заманғы технологиялардың арқасында мұнда металлургиялық қалдықтар қайта өңделеді. Нәтижесінде құнды металл шығарып, экологияға түсетін жүктемені азайтады. Ірі өндірісті қалай іске қосты және ол жергілікті тұрғындар үшін қандай перспективаларға жол ашады, тілшіміз баяндасын.
Интершум:
РКС: Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 7,4 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын металлургиялық шикізатты тереңдетіп өңдеуге, қосылған құны жоғары өнім шығаруға және отандық өнеркәсіпті дамытуға бағытталған. Басшылықтың жоспарында - осы базада толыққанды металлургиялық кластер құру.
СНХ: РАФИС АГАФОРОВ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ: Облыс әкімдігі және барлық басшылық бізге қолдау көрсетіп, инвесторларға қолайлы жағдай жасап отыр, бұл біз үшін өте маңызды. Яғни мемлекеттік органдар арқылы барлық рұқсат құжаттарын алуға көмектесіп, толық сүйемелдеу жүріп жатыр. Біз мұнда металлургиялық кластер ашқымыз келеді.
РЗК: Бүгінгі таңда зауыт ай сайын 2-3 мың тонна шикізат өңдейді. Қазірдің өзінде 6 мың тонна қорғасын кегасы мен 350 тонна цементациялық мыс өндірілді. Өнім отандық металлургия тізбегіне табысты интеграцияланған. Зауыттың негізгі серіктестері «Қазақмыс корпорациясы» мен «Қазмырыш» кәсіпорны.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл енді Президенттің қойып жатқан талаптары, осы инвестиция тартып, мынау тұрып қалған өндірістерді жандандыру, жетілдіру мақсатында жасалып жатқан үлкен жоба. Енді өзіңіз көріп отырсыздар, Отандық инвестор 7,5 миллиард өз қаражатын құйып, осы тоқтап тұрған өндірісті жандандырып, оған міне 150 жұмыс орны болатын өндіріс ашылып жатыр. Жалпы келешек жылдан бастап 1,5 миллиардтай салық төленеді. Оның 500 миллионы осы ауданда қалады, аудан тұрғындарына, осы тұрмыстарын жақсартуға жұмсалады. Және де жалпы міне осы шикізаттарды терең өндіру және бұл жерде айтып кету керек, бұлардың мынау өндірістік қалдықтарын байытып, содан міне корғасын шығарып қойнауынан алынған байлық 100% терең өндіріліп жатыр.Сондықтан ол үкіметке де пайдалы, табиғатқа да пайдалы, халыққа да пайдалы үлкен іс-шара.
РКС: Қазір кәсіпорында 100-ден аса адам жұмыс істейді. Орташа жалақы 400 мың теңгеден асады. Бюджетке салықтық аударымдар 22 млн теңгені құрады. Жергілікті тұрғындар ірі өндірістің пайда болуы ауданның әлеуметтік әл-ауқатына оң әсер ететінін айтуда.
СНХ: БАЙМҰРАТ ЖЕТПІСБАЕВ, ӨРКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ең бірінші осы завод, біздің жерде ашылғанына өте қуаныштымыз. Біз үшін ең бірінші жаңа ашылған жұмыс орнын береді. Біз үшін, біздің ауылымыздың өркендеуіне жол ашады. Бұл біздің осы азаматтардың және де расында қимыл істердің барлығына ашық жолды ашады деген сөз. Сондықтан да осы заводтың ашылуына өздерінің күні түні еңбегін ашқан, еңбегін арнаған, облыс әкімінен бастап, жәй де осы біздің инвестордың некей өзінің қаржысына келіп, осы заводқа салған, сіздерге өз халқымыздың атынан мың бір алғыс және қуаныш сезімді білдіремін.
РКС: Келесі кезеңде пирометаллургиялық технологияны енгізу жоспарлануда. Бұл шикізатты өңдеу тереңдігін арттырып, ай сайын 1 мың тоннаға дейін қара қорғасын шығаруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, болашақта кәсіпорында металл сүрме және мыс концентраты өндірісі жолға қойылмақ.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ