Негізгі Жаңалықтар «Қалам ізі» әдеби-танымдық кездесуі

«Қалам ізі» әдеби-танымдық кездесуі


ДИКТОР. Көкшетаудағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Қалам ізі» атты әдіби-танымдық кездесу кеші өтті. Жастар алдында жергілікті төрт ақын өздерінің өлеңдерін оқып, поэзия, сөздің құдіреті жайлы ойларын ортаға салды. Аталған кеш «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында ұйымдастырылды. 

Интершум:

РКС. Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, әрі Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы Манарбек Қыдырбай осыдан бес жыл бұрын «Парасат» атты кітап клубын ашқан болатын. Ондағы мақсаты – жас буынды әдебиет әлеміне қызықтыру. Бұл жолғы өткізіліп отырған «Қалам ізі» атты кездесу кешін осы клубтың жұмысының жалғасы десе де болады. 

СНХ БАУЫРЖАН ҚАРАҒЫЗ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: кітап дегеніміз рух дәрумені, адамның рухына егілген вакцина. Кітаптың айналасында кітап пен оқырман бар. Автор мен оқырманды бір нүктеге тоғыстыратын кітап оқу мәселесі. Президент арнайы жарлық шығарып, «Кітап оқитын ұлт» акциясы жүріп жатыр. Бұл қуантарлық жайт. Сол игі шаралардың аясында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

РКС. Жастармен кездесуге келген жергілікті ақындар Қуаныш Оспан, Мерген Тоқсанбай, Майра Қуанышқызы және Рамазан Бауыржандар өздеріне қойылған сауалдарға жауап беріп, өлеңдерін оқыды. Жастармен өтетін осындай кездесулердің ақындарға да рух беретіні бар.

СНХ МАЙРА ҚУАНЫШҚЫЗЫ,ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Президентіміздің жалпы халыққа арнаған зиялы ұлт қалыптастыру және кітап оқу мәдениетін дамыту аясында ұйымдастырылып жатқан шаралардың бірден бірі. Бүгінгі кеш несімен ерекше, себебі бүгін көкше өңіріне, ақмола өңіріне, республикаға танымал жергілікті қаламгерлердің ,оның ішінде жас әдебиетшілердің, жас ақындардың шығармашылығын жастарға таныстыру, олардың кім екенін, олардың жетістіктерін үлгі ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

СНХ МЕРГЕН ТОҚСАНБАЙ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: жастардың көптеп жиналғанына өлеңдерді іздеп оқитындарына, қазақ авторларына қызығушылық танытып, іздеп, тауып, жастардың телефоннан кітапқа ауысып жатқанының бір белгісі деп ойлаймын. Жаңадан шығып жатқан кітаптарды оқып, әлеуметтік парақшаларына салып жатқандарын көргенде қуанасың.

 РКС. Кездесу кешінің өн бойында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері өздеріне мейман болып келген ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды. Алдағы уақытта да кітапқұмарлар қатарын арттырып, әдебиет әлеміне жақын жастардың қатарын көбейтуді көздейтін әсерлі кештер ұйымдастырыла бермек. 

Интершум:

 ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ. 


Бөлісу