«ҚазАгроҚаржы» мекемесінде ашық есік күні өтті
ДИКТОР: «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының облыстық филиалында аграрлық сектор өкілдеріне арналған ашық есік күні өтті. Конференцияда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолданыстағы қаржыландыру бағдарламалары таныстырылды, несиелеу шарттары мен агробизнесті қолдау мүмкіндіктері туралы айтылды.
РЗК: Кездесу әр қатысушы шағын сыйлық алған символдық лотереядан басталды.
ИНТЕРШУМ:
РЗК: Қатысушылардың айтуынша, мұндай кездесулер қолдау шаралары туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығында өз жолын жаңадан бастағандар үшін өзекті. Сондай-ақ, қатысушылар әріптестерімен тәжірибе алмасып, осы саладағы маңызды мәселелерді талқылады.
СНХ: ЖЫЛҚЫБАЙ ҒАЛИАКПАР, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ /БУРАБАЙ АУДАНЫ Келгеніміз бұл Казагрофинанспен уже бір 10 жылға жақын жұмыс жасаймыз. Бұл КазАгроФинанс бізге өте тиімді. Жақсы көмек жасап жатыр, өйткені 2021 жылы. 2 К-700 1 МТЗ-82 мен алдым 1 100 миллионға жақын, соның бәрінен құтылып, сол жылдық пайызы жаңағы 6 пайызбенен. Бірден, екіншіден, ол техникалар жаңағы 25 пайызы субсидияландырды, жаңағы сол ауыл шаруашылығымен айналысын крестьяндарға өте тиімді. Жаңағы білмейтін осы шаруамен айналысам деген кісілер болса. Келіп осыны біліп, жаңағы сұхбаттан алуға болады өте жақсы, енді сол бүгін бір жаңа жаңа бағдарламалар болды деп жатыр өте тиімді. Енді қазір жылдық пайыз бесеуге түсірді, ол өте тиімді, сондықтан одан кейін тағы да трактор алдық, осы бір жыл екі жыл болды.
РКС: Облыстық филиал жұмыс істеп тұрған кезеңде лизингке жалпы сомасы 335 миллиард теңге болатын 11 мыңнан аса техника бірлігін берді. Конференцияда цифрландыруға ерекше назар аударылды. Қатысушыларға компаниямен өзара іс-қимылды жеңілдететін және қаржылық қызметтерді алуды ыңғайлы ететін заманауи технологиялар мен цифрлық сервистерді енгізу туралы айтылды.
СНХ: ГҮЛДЕН ХАМЕТОВА, «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазақстан бизнесін цифрландыру аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңа экожүйені іске қосты. Ол «BusinessGO» деп аталады. Бұл бір кабинетте бизнес үшін бірыңғай сервис. Ол тегін беріледі. Онымен atameken.kz. ресми сайтынан таныса аласыз Бұл сайтқа сілтеме бар. Тіркелу үшін тек ЭЦҚ-кілті ғана қажет.
РКС: Кездесу барысында шаруалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бірден мамандардан жауап алды. Мысалы, фермерлер үшін жеңілдікті лизинг шарттары қандай техника түрлеріне қолданылатыны нақтыланды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жаңа бағдарламалар, қаржыландыру алу ережелері және өз шаруашылықтарын дамыту мүмкіндіктері туралы дер кезінде білулері үшін осындай іс-шараларды алдағы уақытта да өткізу жоспарлануда.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.