Туған жердің тұлғасына тағзым
ДИКТОР: Қазақ әдебиетінің дамуына сүбелі үлесін қосқан журналист, жазушы Зерендінің Қошқарбай ауылында дүниеге келген Мәди Хасенов көзі тірі болса, биыл 90 жасқа толатын еді. Журналистік қызметін жазушылықпен ұштастырған оның қолынан шыққан туындыларында қарапайым ауыл адамдарының тағдыры, қоғамдағы өзгерістерге көзқарасы, түйткілді мәселелерге білдірген пікірлері жатыр. Қаламгердің құрметіне «Достар» мәдениет сарайы жанындағы қалалық кітапханада оқу залы ашылды.
РКС. Танымал қазақстандық жазушы, журналист, публицист және Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мәди Хасенов атындағы оқу залында журналист жазушының көзі тірісінде дүниеге әкелген кітаптары, тұтынған заттары, еңбегіне берілген медальдары мен марапаттары орын алыпты. Өз шығармаларында туған өлке тынысын, замандастар бейнесін және елдік мәселелерді шебер толғаған қаламгер «Зерендин» деген лақап атпен де белгілі болғанын әріптестері ортаға салды.
СНХ: МАРАТ ДӘДІКБАЙ, МӘДИ ХАСЕНОВТЫҢ ШӘКІРТІ: Дарынды публицист еді. Мен 3-ақ мәселесіне ғана тоқтаймын. Мәди аға мынау ауылдағы жер жағдайы жайылымы тарылып бара жатқан, соны өте көп жазды. Оның үстіне қазақ тілімен өте мешеу дамып келе жатқан. Өйткені ол кезде Целиноград қала дегенді білесіздер, Целиноград өзі 12 процент қазақтар еді. Соны жанын сала жазды. Міне Целиноград қаласындағы Артем базарының жанындағы номер төртінші Жамбыл атындағы орта мектептің жаңадан қалыптасуына, жаңадан ашылуына, соны үлкен мектеп болуына осы Мәди аға бастаған ұлттың жанашырлары өте көп еңбек сіңірді. Мәди аға оны қайта-қайта жазды. Өйткені ол Целиноградтағы жалғыз ғана қазақ мектебі. Соның жағдайын шыр- пыр болып, ол мектептен кейін неге балалар бақшасын ашпаймыз деп, соны жазғызып атқару комитетіне дейін сол мәселе көтерді. Соның арқасында сол қазақ мектептерінің оқыған, өнеге алған, өскен оқушылар қазір Астананың бүкіл оқу орындарында сабақ беріп жүр. Ұлттың жаршысы болып жүр.
РКС: Қошқарбайдан қанаттанып, қазақ әдебиетіне мол олжа салған Мәди Хасенов ағайынға жанашыр, бауырларына барын берген жан болғаны осы жерде айтылды. Әрбірінің қанаттарын қатайтып, үлкен өмірге жолдама алып бергені де ерекше толқыныспен жеткізілді.
РКС: СНХ: ҚАЙЫРКЕН ХАСЕНОВ,МӘДИ ХАСЕНОВТЫҢ ІНІСІ: 1972 жылы мына Қошқарбай ауылында 8 жылдық мектепті бітіріп, сол ағам, Мәди ағам менің келешегімді ойладыма, сол, ол кездерде Целиноград, соған алып кетті. Сол Целиноградта 9, 10 классты бітіріп, сосын Ауыл шаруашылығы институтына түстім. Содан сол жеті жыл Астанада, Тәлім-тәрбие алдым ғой, Қазақ Астана бұрынғы Целиноград. Содан, жеті жыл еді ағамыздың басында үйінде тұрдым. Одан кейін институтта оқыдық. Сол ағамның арқасында сол қарнымыз аш болған жоқ, жеті жыл сол тәлім-тәрбие, ел көре алдық, елде сол әртүрлі басшылық жұмыстарда жұмыс істедім. Мынау енді ағамыздың 90 жылдық мерейтойына, сол ағайын туған бар, бола- шағасы бар, бәрі ат салысып, мерейтойды өткізіп жатырмыз.
Ркс. Оқу залының ашылуы журналист пен жазушыға, қоғам қайраткеріне көрсетілген үлкен құрмет. Енді Мәди Хасеновтың есімі кітапханаға келген оқырманның жадында болады. Өйткені оның әр шығармасында туған өлкеге деген махаббат пен туған топыраққа тағзым тұнып тұр.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.