Негізгі Жаңалықтар Бүгін - құтқарушылар күні

Бүгін - құтқарушылар күні


ДИКТОР: Құрметке лайық маман болса, ол - құтқарушы. Төл мерекеде ала жаздай алапат өртпен арпалысқан батырлардың еңбегі елеусіз қалмады. Көкшетауда кәсіби мерекеге орай өткен салтанатты жиында - бір топ сала маманы марапатталды. 

STAND-UP:ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Салтанатты жиында төтенше жағдайлар саласында ұзақ жыл еңбек етіп, талай адамның өмірін құтқаруға үлес қосқан мамандарға құрмет көрсетілді. Бірқатар қызметкер төсбелгілермен, арнайы медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МЕДЕЛХАН ӨМІРБЕК, №10 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Осыдан бір ай бұрын көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Ішінде бір адамның қалғаны туралы хабар түсті. Біз оқиға орнына жетіп, өртке оранған пәтерге кірдік. Зардап шеккен адамды терезе арқылы сыртқа алып шықтық. Бүгін адам өмірін құтқарғаным үшін медальмен марапатталып жатырмын. Бала кезімнен құтқарушы болуды армандадым. Әкемнің жолын қуып, осы мамандықты таңдадым. Барлық әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтаймын!

STAND-UP:ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Дәулет Шамиғанов төтенше жағдайлар саласында 43 жыл қызмет еткен. Осы уақыт ішінде талай сыннан өтіп, мол тәжірибе жинақтады. Саладағы сан өзгерістің куәсі болып, кәсіби шеберлігін шыңдады. Бүгінде ол - жас мамандарға үлгі, кейінгі буынға бағыт-бағдар беріп жүрген ардагер. Бүгін Ерен еңбегі еленіп, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

СНХ: ДӘУЛЕТ ШАМИҒАНОВ, САЛА АРДАГЕРІ: 

СНХ: РЕНАТ ВАЛИШАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл бірқатар маңызды нәтижеге қол жеткіздік. Ең алдымен, аудандық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық беріп отырмыз. Осы мақсатта 12 бірлік арнайы техника алынып, аудандық бөлімшелерге берілді. Сондай-ақ, жеке құрамның барлығы, яғни мыңнан астам қызметкер жаңа арнайы киімімен қамтамасыз етілді. Екі өрт сөндіру депосы жаңартылып, тағы екеуін пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 20-дан астам бөлімше ашылды.

STAND-UP:ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Өз ісіне адал, кәсібіне жан-тәнімен берілген мамандар аз емес. Қазір аймақта 35 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді. Мұнда екі мыңға жуық қызметкер тәулік бойы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қауіппен бетпе-бет келіп, адам өмірін арашалауды басты міндеті санайтын құтқарушылардың қоғамдағы орны қашан да ерек, абыройы - асқақ.

ИНТЕРШУМ: 

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу