Негізгі Жаңалықтар Алаяқтардың құрбаны болмаңыз

Алаяқтардың құрбаны болмаңыз


ДИКТОР: Онлайн-алаяқтық, банк шоттарын заңсыз пайдалану және жаңадан пайда болып жатқан айла-шарғылар — қазіргі заманғы цифрлық қауіптер кешенді шешімдерді талап етеді. Көкшетауда өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар киберқылмысқа қарсы тұру және цифрлық сауаттылықты арттыру стратегияларын талқылады.


РКС: Іс-шара Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өтті. Талқылауға академиялық, заңгерлік қауымдастық, прокуратура, полиция, сот жүйесі өкілдері қатысты. Басты назар онлайн-алаяқтыққа және заңсыз қаржылық операцияларды жүзеге асыру мақсатында азаматтардың банк шоттары мен төлем құралдарын пайдалануға негізделген «қаржылық делдалдық» схемаларына аударылды. Сарапшылар мұндай қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін тек құқықтық шаралар ғана емес, сонымен қатар халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар да қажет екенін атап өтті.

СНХ: ЖАМАЛАДИН ИБРАГИМОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: Осыған байланысты біздің ұсынысымыз - азаматтарға мектеп жасынан бастап цифрлық технологияларды, цифрлық дағдыларды, цифрлық қауіпсіздікті және қаржылық сауаттылықты үйрету. Сонымен қатар, «заң және тәртіп» идеологиясын басшылыққа ала отырып, біздің құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы қиындықтарға төтеп беру үшін қоғаммен бірге жұмыс істей отырып, ұлтымызға адалдық пен әділдікпен қызмет етуі керек. Неліктен? Себебі цифрлық дағдылар мен технологиялар ғылымға, өнеркәсіпке және технологияға оң жетістіктер әкелсе де, өкінішке орай, бұл құралдарды зиянды мақсаттарда пайдалануды таңдайтын адамдар болуы мүмкін/. 

РКС: Қоғамды хабардар ету құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Облыстық прокуратураның деректеріне сәйкес, биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында өңірде тіркелген алаяқтық деректері 17,5%-ға, ал онлайн-алаяқтық жағдайлары 14,5%-ға азайған. Сонымен қатар, мамандар халық арасында түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыруда. Олар мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелері арасындағы тұрақты ынтымақтастықтың қажеттілігіне ерекше тоқталады.

СНХ: АЙЫМ АЛТАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Бүгінгі таңда өте керек шаралардың бірі болып табылады деп ойлаймыз. Және де осы шараға бүгін прокуратура қызметкерлері және де осы қылмысты құқық өтетін арнайы құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысуда. Және де цифровизацияға байланысты қазіргі таңда осыған орай және де Президенттің «Заң мен тәртіп» бұзушылықтан сақтық іске асыру аясында осындай университеттердің жоғары оқу орындарының және мектептердің хабарламасында осындай шаралар әрдайым өткізілуде.

РКС: Көрсеткіштердің төмендегеніне қарамастан, алаяқтық схемалар әлі де өзекті мәселе болып қала береді. Қылмыскерлер азаматтарға хабарласып, өздерін банк немесе қаржы ұйымдарының өкілдері ретінде таныстырады, сондай-ақ жоқ тауарларды ұсыну үшін жалған интернет-дүкендер құрады.

СНХ: ӘДІЛ СЕЙСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ: Зардап шеккендердің басым бөлігі — зейнет жасындағы адамдар; оларды алдап түсіру оңай, әрі олардың заманауи цифрлық технологияларға қатысты сауаттылық деңгейі, былайша айтқанда, төмен. Ең алдымен, алаяқтармен кез келген байланысты дереу тоқтатып, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарласу қажет.

РКС: Конференциядан кейін қатысушылар құқықтық тетіктерді жетілдіру, ғылыми зерттеулерді дамыту және сандық қауіптер туралы қоғамның хабардарлығын арттыру қажеттілігін атап өтті. Сарапшылар мен мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру киберқылмыстардың алдын алуға және қауіпсіз сандық ортаны қалыптастыруға көмектесуі керек.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ. 


Бөлісу