Мектеп оқушылары иесіз жануарларға қамқорлық танытты
ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы техникалық мектеп-лицейдің оқушылары ізгілік пен мейірімділікті ту еткен «Қайырымдылық үйшігі» акциясына қатысты. Қайырымды бастама аясында жас өрендер жануарларға арналған панажайға барып, қамқорлық пен жан жылуына зәру төрт аяқты достарына қолдау көрсетті. Жақсылық жасауға асыққан оқушылардың игі ісімен тілшіміз танысып қайтты.
РКС: Қайырымдылық шарасы жануарларға қажетті заттарды жинаудан басталды. Осы мақсатта мектеп қабырғасында арнайы қабылдау орны ұйымдастырылып, оқушылар жануарларға қажет азық пен өзге де керек-жарақтарды әкелді. Ата-аналар да белсене атсалысып, балаларының жанашырлық танытып, мейірімділікке ұмтылған қадамына қолдау көрсетті.
СНХ: ЖӘНЕЛ ДӘУЛЕТЖАНОВА, АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ: Лицейде бір апта бойы 13 жылдан астам тарихы бар «қайырымдылық ұяшығы» атты қайырымдылық акциясы өтті. Біз қаламыздың барлық тұрғындарын бей жай қарамауға шақырамыз, себебі әр ізгі ниеттің өзі қаламыздың осы біреудің өмірін сақтауға көмектеседі. Осы акцияға мектебіміздің әр оқушысы, олардың ата аналары және де сынып жетекшілері мен ұстаздары өз үлесін қосқан болатын.
РКС: «Қайырымдылық үйшігі» акциясы лицей қабырғасында жыл сайын жалғасын тауып, ізгі дәстүрге айналған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың бойына мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін сіңіріп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Әсіресе, ата-аналар мен ұстаздардың бірлесе атсалысуы балаларға қайырымдылықтың мәнін іс жүзінде ұғындырып, жақсылық жасауға деген құлшынысын арттыра түседі.
СНХ: АЛЛА ОСИПОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл қайырымдылық акциясы лицейімізде 13 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Ол мектептің өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен ойластырылып, ұйымдастырылған. Бұл акцияны жастардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастыруды жөн көрдік.
РКС: Оқушылар жануарларға қамқорлық көрсетумен шектелмей, «Құтқаруға мүмкіндік», «Кішкентай балаларға арналған періште» сынды өзге де қайырымдылық жобаларына белсене қатысып келеді. Осындай игі бастамалар өскелең ұрпақтың бойына мейірім мен жанашырлық қасиеттерін сіңіріп, өзгеге қол ұшын созудың қадірін ұғындырады. Өйткені кейде шын жүректен жасалған кішкентай ғана жақсылықтың өзі біреудің өміріне үміт сыйлап, тағдырына оң өзгеріс әкелуі мүмкін.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.