Негізгі Жаңалықтар Өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды


ДИКТОР: Өңір басшысы Марат Ахметжанов пен Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Құжат аумақаралық байланыстарды күшейтіп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға серпін бермек. 

ИНТЕРШУМ:  

РКС: Астанада мемлекеттік органдар және іскер топ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесудің негізгі нәтижелерінің бірі – меморандумға қол қою болды. Тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындады. Ленинград облысының губернаторы ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендіктерін атап өтті.


СНХ: АЛЕКСАНДР ДРОЗДЕНКО, ЛЕНИНГРАД ОБЛЫСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ (РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ): Ленинград облысы сияқты, Ақмола облысы да астананы немесе басқа да ірі қалаларды қолдайтын ірі агроөнеркәсіптік орталық ретінде қызмет етеді. Ақмола облысы азық-түлік өнімдерінің ірі өндірушісі болғаны сияқты, Ленинград облысы бүкіл Солтүстік-батыс аймағының жалпы азық-түлік өндірісінің 41%-ын құрайды. Ең алдымен, асыл тұқымды мал шаруашылығындағы жұмысымызды атап өткім келеді. Қазіргі уақытта біздің аймағымыз жалпы табында асыл тұқымды малдың ең жоғары үлесіне ие - 90%-дан астам - бұл еуропалық рекорд болуы мүмкін. Біз қазір осындай асыл тұқымды малды осында жеткізуге дайынбыз. Сондай-ақ минералды тыңайтқыштар және, әрине, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу мәселелерін талқыладық. Мұнда өндірілетін кей өнімдерді біздің Ленинград облысында жасап шығарудың мүмкін емес екені анық. Мәселен, біз сүт өнімдерін өндіру саласындағы ынтымақтастықты талқыладық, сондай-ақ өндіріс секторындағы, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен жол инфрақұрылымына арналған жабдықтарды шығару бағытындағы өзара іс-қимыл туралы егжей-тегжейлі сөз еттік. Әрине, жасанды интеллект мәселесін де қарастыруымыз өте маңызды. Әсіресе, бүгінгі таңда бұл саланың қаншалықты қарқынды дамып келе жатқанын ескерсек, бұл аса өзекті//.

РКС: Өз кезегінде, Ақмола облысы да ресейлік өндірушілермен байланысты нығайтуға мүдделі.


СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі дөңгелек үстел – өңірлеріміз арасындағы практикалық ынтымақтастықты бастауға тамаша мүмкіндік. Біздің басты мақсатымыз – бизнес қауымдастығының күш-жігерін біріктіру, ортақ пікірлерді анықтау және бірлескен серіктестік туралы келісімдерге қол жеткізу. Біздің ойымызша, нәтижелерге нақты келісімшарттар, тұрақты жүк ағындары, өндірісті кеңейту және жұмыс орындарын құру кіруі керек. Ақмола облысы – еліміздің аграрлық-өнеркәсіптік бөлігі,ол республиканың орталығында орналасқан және Астана агломерациясының құрамына кіреді. Айта кетерлігі, біз, бір жағынан, Қазақстанның «нан қоймасы» қызметін атқарамыз. Біздің иелігімізде 10 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жері бар, оның 5,6 миллион гектарына егін егілген. Біз елімізде өндірілетін жалпы астық көлемінің шамамен 30 пайызын қамтамасыз етеміз. Біздің сыртқы сауда байланыстарымыз өте берік: өнімдеріміз 26 елге экспортталады, ал сыртқы саудамен айналысатын 50-ден астам экспорттаушы компаниямен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз.


РКС: Қол қойылған меморандум одан әрі ынтымақтастыққа негіз қалайды. Тараптардың қазіргі басты міндеті – кәсіпорындар арасындағы тікелей байланыстарға жәрдемдесу және бірлесіп жұмыс істеуге арналған перспективалы жобаларды айқындау.


ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ. 


Бөлісу