Негізгі Жаңалықтар Целиноград ауданында жаңа экопарк ашылды

Целиноград ауданында жаңа экопарк ашылды


ДИКТОР: Республика күні қарсаңында Целиноград ауданында Dara Resort экопаркі ашылды. Аққайың ауылында серуендеу маршруттары мен демалыс аймақтары орнатылды. Сондай-ақ, онда жылына 25 мың тонна балыққа азық өндіретін зауыт салу жоспарлануда. Жұмыс сапары аясында нысандарды облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов аралады. 

РКС: Жаңа экопарк Аққайың ауылында орналасқан. Серуендеу бағыттары 2 шақырымнан аса аумақты алып жатыр. Мұнда демалыс аумақтары, орындықтар мен тамашалау алаңдары орнатылды. Экопарк ашылғаннан бері нысанға бір жарым мыңға жуық адам келді. Бұл орын біртіндеп абаттандырылып, арқан паркі мен қосымша жаяу жүргіншілер жолдары кеңейтілуде. Бүгінгі таңда мұнда 200 ағаш отырғызылды.

СНХ: ЕРНАР ЖАРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық облыстарда, Астана агломерациясының айналасында және облыс орталықтарының маңында осындай экопарктер құру міндеті қойылған. Осы тапсырма аясында біз облыс бойынша бірнеше экопарк ашып жатырмыз. Соның бірі – осы DARA Resort аумағындағы жаңа экопарк. Мұнда бетонмен қапталған аумақтар аз, қоршаған ортаға зиян келтірмей, табиғи ортаны сақтауға басымдық берілген. Астаналықтар келіп, демалып, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, табиғат аясында тынығуына жағдай жасалған. Сіздердің жұмыстарыңыз өте маңызды. 

РКС: Өңірде барлығы жеті экопарк құру жоспарлануда. Осы жылдың басында осындай нысан Зерендіде ашылды. Тағы біреуі Ақкөлде жасалуда. Жыл соңына дейін облыста осындай үш нысан жұмыс істеуі тиіс. 2027 жылы Аршалы және Целиноград аудандарында экопарктер ашу жоспарлануда.

ТАҚЫРЫБЫ: 

РКС: Целиноград ауданында жүзеге асырылып жатқан тағы бір жоба балық шаруашылығын дамытумен байланысты. «Poseydon» серіктестігі балықтарға арналған экструдирленген жемшөп өндіретін зауыт салуға ниетті. Инвестиция 7 миллиард теңгеден асады. Жобаны іске қосу келесі жылға жоспарланған. Кәсіпорында 75 жұмыс орны ашылмақ.

СНХ: ЕРБОЛ СҮЛЕЙМАНОВ, СЕРІКТЕСТІКТІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі таңда құрылыс алаңы дайын. Жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Мемлекеттік сараптамадан өтеміз. Бұл жоғары технологиялық өндіріс. Тұқы балықтары үшін экструдирленген жемшөп, сондай-ақ форель, албырт, осетр сияқты балықтардың құнды тұқымдары үшін қазіргі заманғы өндіріс бойынша өсіріледі. Біздің серіктесіміз, қытайлық Famsan компаниясы, бүкіл әлем бойынша 9 мыңнан аса жобаны іске асырған осы саладағы әлемдік көшбасшы болып табылады. Бұл зауыттың ерекшелігі шикізаттан бастап өнім сапасын бақылауға дейінгі барлық кезеңдерде бақылау болып табылады.

РКС: Аквафермада қызғылт форель, тұқы және басқа да балық түрлерін өсірумен айналысады. Компанияның өндірістік қуаты - жылына 70 тонна тауарлық балық. Мұнда сумен жабдықтау технологиясы пайдаланылады. Суды тазартады және өндірістік циклға қайтарады. Бұл маусымға қарамастан балық өсіру үшін қажетті жағдайларды сақтауға мүмкіндік береді.

СНХ: МЕЙРАМБЕК ПАЗЫЛБЕКОВ, АКВАФЕРМА ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі таңда біздің аквафермада менің басшылығыммен 10 азамат қызмет етеді. Барлығын өзіміз жұмысқа қабылдап, үйретіп, тәжірибемізбен бөлісеміз. Бүгінгі таңда біздің шаруашылықта 300 бас құбылмалы бақтақ балығы өсіріледі. Оны ұрықтанған уылдырық түрінде Америка Құрама Штаттарынан, Вашингтон штатынан тікелей алдырамыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда американдық құбылмалы бақтақ балығын өндіретін жалғыз компания — «Посейдон» аквафермасы. Технологиясы — бүкіл әлемде, Еуропада қолданылатын озық технология. Оның артықшылығы — ең бірінші, суды үнемдеу технологиясы, яғни суды тазартып, қайтадан қолдану. Бұл өте маңызды, өйткені бүгінгі таңда әлемде су тапшылығы бар.

РКС: Кәсіпорын форель өсірумен қатар оны өңдеумен айналысады. Мұнда порциялы балық, стейк, тұздалған өнімдер, сондай-ақ ысталған балық өндіріледі. Зауыт құрылысы ел ішінде жем-шөп шығаруды жолға қоюға және балық өсіру шаруашылықтарының импорттық өнімдерге тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСИН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ. 


Бөлісу