Негізгі Жаңалықтар Ақмола облысы - қарқынды құрылыс алаңы

Ақмола облысы - қарқынды құрылыс алаңы


ДИКТОР: Ақмола облысы - бүгінде қарқынды құрылыс алаңына айналған аймақ. Өңірде көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы және өндіріс саласындағы ірі жобалар қатар жүзеге асырылып келеді. Аталған жобалардың берер пайдасы қандай және оның нақты нәтижесін халық қалай сезінуде? Тілшіміз біліп қайтты. 

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Алып құрылыс алаңына айналған Көкшетаудың кейпі бүгінде мүлде басқа. Шаһарда әлеуметтік және өндірістік нысандар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Тұрғын үй құрлысы да қарқыне алған. Соңғы екі жылда аймақта 1 миллион 400 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Ал 2030 жылға дейін 250 тозығы жеткен үй сүріліп, орнына 5 мың пәтерлік тұрғын үй кешені салынбақ. Аталған игі жобалардың нәтижесін бүгінде халық та анық сезінеді.

Блиц: Соңғы 5-10 жылда қаншама үйлер салынып жатыр. Бұл да халықтың әлеуметтік жағдайын көрсетіп отыр, жақсарғанын. Қаншама зауыттар салынып жатыр. Ол да халықтың әлеуметтік жағдайына әсерін тигізіп жатыр деп ойлаймын. 

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Ал стратегиялық жобалардың қатарында - Көкшетаудағы жылу электр орталығы бар. Оның құрылысы қаладағы жылу тапшылығын шешуге бағытталған. Жобаның бірінші кезегін 2028 жылы іске қосу жоспарланған. Бұған қоса, шаһарда 630 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын. Заманауи медициналық кешен жылына 30 мың пациентті қабылдауға қауқарлы. Мұнда күрделі оталар жасалып, шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Ауруханада 3 шұғыл және 16 жоспарлы операциялық зал болады. Сонымен қатар, санитарлық авиация қызметін жеделдету үшін кешен аумағында арнайы тікұшақ алаңы салынады. Осылайша, жаңа медициналық орталық облыс тұрғындары мен көршілес өңірлерге сапалы медициналық қызмет көрсетпек. 

Блиц: Мектеп ашылды, жолдар жаңарып жатыр. ТЭЦ салынып жатыр, ол ертең халықтың жағдайын шешеді, жылу жақсы болады деп ойлаймыз. Енді халық үшін жақсы-жақсы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

- Сарыарқада жаңадан аурухана салынып жатыр екен. Ол да халықтың игілігі үшін жасалып жатқан шаруа үлкен. Қаламыз да көркейіп, жасыл ағаштар, жаздыгүні көшеде жүрсең әжептәуір өзгерістерді байқаймыз. Тазарып, гүлзарлар отырғызылып, асфальттар көшедегі – бәрі жаңарып жатыр

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Қала экономикасын дамытуда «Kokshe Industry» индустриялық аймағының да маңызы зор. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру бағытындағы жобалар жүзеге асырылуда. Алдағы жылдары жалпы құны 22,7 миллиард теңге болатын жобаларды іске қосып, 700-ге жуық жұмыс орнын ашу көзделген. Бұған қоса, 2030 жылға дейін тағы 40 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. 

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу