Мектеп кітапханалары сандық жүйеге көшіріліп жатыр
ДИКТОР. Көкшетау қаласының барлық ресми жалпы білім беретін мектептерінде кітапхана бар. Бүгінгі күні олардың бәрі берлік сандық жүйеге көшіріліп жатыр. Бұл жүйе кітапханашылардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың да уақытын үнемдеуге сеп. Мектеп кітапханаларына барып қайтқан тілшіміз баяндайды.
РКС. Шынар Омарова Красный Яр ауылындағы №3 мектептің ашылған сәтінен бастап кітапханашы болып еңбек етіп келеді. 20 жылдық өтілінде ол кітапханалар жүйесіндегі өзгерістерді басынан өткерді. Заман талабына сай сандық жүйенің енгізілуіне де бейімделіп, қазір оқушыларға қас-қағым сәтте қажетті кітаптарын беріп, қайта қабылдайды.
СНХ ШЫНАР ОМАРОВА, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫ №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ: әрбір кітапқа біз оқушылар келгенде саны жетпесе, кьюар шығарып береміз, электронды вариантын, және әр түрлі оқулықтарға кьюар шығарып, сөреге қоямыз. Қазір формулярға бала кітап алды, келді деп жазбаймыз, қазір «алақан» жүйесі бар, «алақанмен» алады, «алақанмен» әкеледі. Онда күні тұрады, қай күні алдың, қай күні тапсырдың, сол жүйелермен жұмыс атқарып жатырмыз.
РКС. Білім ошағындағы кітапхананың қорында 14 мыңнан астам кітап бар. Оның 10 мыңнан астамы оқулықтар болса, 5 мыңнан астамын көркем әдебиет құрайды. Оқушылардың кітап оқуға құмарлығы төмендемеген. Олар түрлі жанрдағы шығармаларға құмар.
СНХ ДИАС СӘДУАҚАСОВ, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫ №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: мен кітап оқығанды жақсы көремін. Әдеби, тарихи, ғылыми-фантастикалық жанрдағы кітаптарды ұнатамын. Мысалы, әдеби кітаптардан «Абайдың қара сөздері», Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романын, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабын оқыдым.Шерлок Холмс, Гарри Поттер сияқты кітаптарды оқыдым. ой-өрісің кеңейеді, сөздік қорың молаяды және кітап оқығанда мен тыныштық күйде боламын.
СНХ САЯ АҒАЙДАРОВА, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫ №3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: өзім мысалы, пәндерден Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, биология, химия бойынша кітаптарды аламын,қазір оқитыным өмірмен байланысты кітап.
РКС. Мектеп кітапханаларының жұмысы Bookfund.kz цифрлық платформасы арқылы жүйеленіп, мектептердің сандық есептері мен электронды оқулықтар базасы қалыптастырылған. Сонымен қатар, мектеп кітапханашылары оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында тұрақты түрде кітап көрмелерін, танымдық шаралар мен тақырыптық үзілістер ұйымдастырып тұрады.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ».