Негізгі Жаңалықтар 107 қызметкер қауіпті еңбек жағдайлары үшін үстемеақы алды

107 қызметкер қауіпті еңбек жағдайлары үшін үстемеақы алды


ДИКТОР: Целиноград ауданында 100-ден астам қызметкер зиянды немесе қауіпті жағдайларда жұмыс істегені үшін заңнамада көзделген қосымша төлемдерді алмаған. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында жергілікті прокуратура араласты. Жергілікті құқық қорғау органдары халықты сумен қамтамасыз етуге жауапты коммуналдық кәсіпорында еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Тексеру барысында зиянды немесе қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін 107 қызметкерге заңда көзделген қосымша төлемдердің берілмегені анықталды. Прокуратураның араласуынан кейін қызметкерлердің еңбек құқықтары қорғалып, оларға жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асатын қаражат төленді.

Бөлісу