Негізгі Жаңалықтар Көкшетауда «Republic Day және Bereke Fest» республикалық акциясы басталды

Көкшетауда «Republic Day және Bereke Fest» республикалық акциясы басталды


ДИКТОР: Көкшетауда «Republic Day және Bereke Fest» республикалық акциясы өтуде. Сатып алушыларға тауарлар 10-нан 50 пайызға дейінгі жеңілдікпен ұсынылады. Акция азық-түлік және басқа да тауарларды қамтиды. Мерекелік жеңілдіктердің негізгі кезеңі 21-27 қазан аралығына жоспарланған.

РКС: Акцияға қаладағы сауда орталықтары, дүкендер мен ірі сауда желілері қосылды. Сатып алушыларға күнделікті сұранысқа ие тауарлар төмендетілген бағамен ұсынылуда. Жеңілдіктер мөлшері өнім санатына және әр дүкеннің шарттарына байланысты.

СНХ: САМАТ САЙДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады. Ауқымды жеңілдіктер танымал сауда орталықтары мен дүкендерде ұсынылады. Атап айтқанда, «РИО» сауда-ойын-сауық орталығында, «Жұмбақтас», «Глобус», «Астана», «Жібек жолы», «Арбат», «ЦУМ», «Электротоварлар» сауда үйлерінде, сондай-ақ «Персона» әйелдер сырт киімдері салонында арнайы ұсыныстар бар. «Bereke Fest» аясындағы жеңілдіктер «SMALL», «Орда», «Аймер», «Лайм», «Inmart», «Союз», «Құлагер», «Семейный» супермаркеттерінде, «VOSTOK» оптомаркетінде, «Кристалл» сауда үйінде және «Восточный» базарында да қолжетімді.

РКС: «Союз» сауда желісінде акция аясындағы жеңілдіктер 20%-дан 50%-ға дейін жетеді. Арнайы ұсыныстар азық-түлік пен тұрмыстық химия өнімдеріне қатысты. Жеңілдікпен ұсынылған тауарларды арнайы баға белгілері, баннерлер мен «Bereke Fest» жазуы бар таспалар арқылы анықтауға болады. Олар қызғылт сары және жасыл түстермен белгіленген.

СНХ: НАДЕЖДА ГРОШИКОВА, САУДА ЖЕЛІСІНІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: Республика күніне орай «Bereke Fest» акциясы аясында тиімді жеңілдіктер жарияладық. Қажетті тауарларға 20%-дан 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған. Тұрмыстық химия өнімдерінен тіс пасталары, сусабындар, кір жууға және үй тазалауға арналған құралдар бар. Азық-түлік өнімдерінен жарма, макарон өнімдері, тәттілер, шұжық, сусындар, шырындар мен суға жеңілдіктер жасадық. Осылайша, тұрғындарымызды қуантуға тырыстық. Баршаңызды осы мүмкіндікті пайдаланып, қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға шақырамын.

РКС: «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары 27 қазанды қоса алғанға дейін жалғасады. Ұлттық мерекеге орай ұйымдастырылған бастама халыққа қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруды көздейді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу