Негізгі Жаңалықтар Сандықтау ауданында жаңа су құбыры іске қосылды

Сандықтау ауданында жаңа су құбыры іске қосылды


ДИКТОР: Республика күні қарсаңында Сандықтау ауданында жаңа топтық су құбыры іске қосылды. Елге қайтарылған активтер есебінен жүзеге асқан жоба үш ауылды орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етеді. Енді мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтылады. Нысанның ашылу рәсіміне Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің өкілдері мен аудан әкімі Серік Құдабай қатысты. Жаңа су құбыры Бірлік ауылдық округіне қарасты Қызыл Поляна, Петриковка және Арбузинка ауылдарын ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді. Жоба аясында 22 шақырымнан астам су құбыры тартылып, екі су ұңғымасы бұрғыланды. Сондай-ақ су жинау алаңы, сорғы станциялары бар екі нысан салынып, 123 құдық орнатылды. Су жүйесі электр желісіне қосылды. Айта кетейік, ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған таза ауызсумен қамту - елдің коммуналдық инфрақұрылымын дамытудың басым бағыттарының бірі. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. 

Бөлісу