Негізгі Жаңалықтар Жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізу

Жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізу


ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы мектепте Tanima AI платформасына арналған ашық сабақ өтті. Жүйе жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы мұғалімдердің жұмысына және оқушыларды оқытуға көмектеседі. Білім беруде жасанды интеллект қалай көмектесетіні туралы тілшіміз тарқатады. 

РКС: Ашық сабақ Көкшетау қаласындағы нөмері 11 мектеп-гимназиясында өтті. Мұнда Tanima AI жүйесі пайдаланылатын сыныптар жұмыс істейді. Платформа мектептің барлық экожүйесін қамтиды және бүкіл процесті автоматтандырады.

СНХ: МАРИЯ ВИНИЧЕНКО, № 11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ: Платформа маған жұмыста көмектеседі. Мұнда біз сабақ жоспарларын құрастыра аламыз, сондай-ақ балаларға арналған презентациялар жасай аламыз. Дәптерлерді тексеру өте ыңғайлы. Балалар бізге тіпті дәптерлерін де бермеуі мүмкін. Олар осы бағдарламаға фотосуреттерін жіберіп жатыр. Бұл балалар үшін жаңа нәрсе. Балалардың да қызығушылығы жоғары.

 СНХ: ЮЛИЯ ЖИЛИНСКАЯ, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Сабақтар әлдеқайда қызықты, алуан түрлі өтеді, әсіресе біз үшін фигураның геометриясын қарастыру қызық. Бұл бағдарлама оқушылар үшін жаңа бір әдіс. Мұғалімдерге бөлек және біз қарайтын бөлек бөлім бар, мысалы, кейбір түсініксіз тақырыптар болса біз жазамыз және виртуалды мұғалім осы тақырыпты түсіндіріп береді. 

РКС: Мұндай тәсіл мұғалімдерге көмекші құрал және оқушыларға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, платформа сабақ өткізу жоспарын ғана емес, мектептің оқу процесін ұйымдастыруға да көмектеседі.

СНХ: МАКСОТ МУРАТОВ, «TANIMO AI» ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ: Жасанды интеллект қазіргі кезде техника жағынан жаңа революцияны жасап жатыр. Сол себептен ЖИ барлық жерге еңгізіліп жатыр. Бірақ ол жасанды интеллект әзірге кезде теқ қана құрал ретінде еңгізіліп жатыр. Яғни оны мұғалімдер мысалы LLM-ды пайдаланады. Ол кезде одан дайын жауабын алып, оны басқа жерге салады. Мысалы, Bilim-class-қа. Ал біздің Tanimo AI деген платформамыз ол барлығын бір жерде жасайды, бір жерде мұғалім оны жасап салып, кейін сабақ өткізгеннен кейін тіпті аналитика жасап, жасанды интеллект беріп отырады. Яғни мектептегі бүкіл процесстерге біз ЖИ қосып, бұны біз AI native деп аталамыз. Яғни барлық жерде жасанды интеллект қолданылады. 

РКС: Мамандар мұндай жүйені мұғалімнің тәжірибесін алмастырмайтын көмекші құрал екенін айтады. Бұл оқу процесіне неғұрлым өнімді және сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, НАИР ЗАХОВАЕВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЕЛДОС ЖАРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу