Негізгі Жаңалықтар Қоқыс шығаруға негізсіз төлем есептелген

Қоқыс шығаруға негізсіз төлем есептелген


ДИКТОР: Ерейментау ауданында 3 мыңнан астам тұрғынға көрсетілмеген қызмет үшін төлем есептелген. Қоқыс контейнерлері жоқ жеке үйлердің тұрғындарына қоқыс шығару қызметі үшін миллион теңгеден астам төлем негізсіз есептелген. Ал тұрмыстық қалдықтарды тұрғындар өздері шығарған. Заңсыз есептеулер прокуратура тексерісінен кейін жойылды. Астанада тіркелген компания тұрғындарға екінші деңгейлі банктердің бірінің мобильді қосымшасы арқылы шот ұсынған. Алайда қызметтің көрсетілгені расталмаған. Прокуратураның қадағалау актісінен кейін 1 миллион 100 мың теңге көлеміндегі негізсіз есептеулер жойылды. Бұдан бөлек, тұрғындарға 60 мың теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Бөлісу