Ұлттық мереке қарсаңында 35 отбасы қуанышқа кенелді
ДИКТОР: Республика күні қарсаңында Щучинск қаласында 35 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға берілді. Салтанатты шарада облыс әкімі Марат Ахметжанов қоныс иелерін құттықтап, пәтер кілттерін табыстады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Баспаналы болғандардың бірі - Жанбала Тналина. Көпбалалы ана бұл үйді 10 жылдай күткен. Бұған дейін балаларымен пәтер жағалап жүрген ол, енді 3 бөлмелі жайлы әрі кең пәтерге қол жеткізгеніне қуанышты.
СНХ: ЖАНБАЛА ТНАЛИНА, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Көпбалалы анамын. Он жылдай баспана кезегінде тұрдық. Бұған дейін пәтер жағалап, бір бөлмелі үйді паналап келдік. Төрт баламен тар үйде тұру оңай емес. Енді, міне, үш бөлмелі пәтерге қол жеткізіп, қуаныштан көзіме жас келіп тұр. Балаларымның өз бөлмесі болады. Осы қуанышты әр отбасы сезінсе екен деймін.
РКС: Тұрғын үйдің құрылысы былтыр басталып, биыл маусымда аяқталды. Жалпы ауданы 7 мың 300 шаршы метр болатын бес қабатты ғимаратта бір, екі және үш бөлмелі 130 пәтер бар. Оның 75-ін әкімдік тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамту үшін сатып алған. Соңғы үш жылда ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 500 пәтер берілді.
СНХ: РАЙХАН НҰРМАҒАНОВА, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Баспана кезегінде 11 жыл тұрдық. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап, кейде туыстарымызды паналап, бір үйден екінші үйге көшіп жүрдік. Енді, міне, көптен күткен баспанамызға қол жеткіздік. Қуанышымызда шек жоқ! Осынша жыл күткен арманымыз орындалды. Енді өз үйімізде алаңсыз өмір сүріп, бала-шағамызбен кеңінен көсіле өмір сүретін болдық.
РКС: Жалпы, өңірде 700 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 7 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Оның 2 мыңға жуығы -әлеуметтік осал санаттағы азаматтар. Қазір облыста 600-ден астам пәтерді қамтитын 14 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Успеноюрьевка ауылында халықты қолдау орталығы ашылды
РКС: Ал Бурабай ауданының Успеноюревка тұрғындары үшін бұл қуаныш еселене түсті. Мұнда жаңа халықты қолдау орталығы ашылды. Енді ауыл тұрғындары бірнеше қызметті бір жерден ала алады. Ғимаратта ауылдық округ әкімдігі, дәрігерлік амбулатория, өрт сөндіру бекеті, учаскелік полиция пункті және ветеринариялық қызмет орналасқан. Айта кетейік, округте 2 мыңға жуық адам тұрады.
СНХ: ОРАЗАЛЫ АЙТБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Бұрын біздің дәрігерлік пункт ескі үйде орналасқан. Ішінде ешқандай санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болмаған. Енді мұнда бәрі бар, әрине бұл халыққа тиімді. Біржерден келіп жұмысын бітіріп алады.
Аймақ басшысы Марат Ахметжанов белсенді ұзақ орталығының тыныс-тіршілігімен танысты
РКС: Бұдан соң аймақ басшысы Марат Ахметжанов Щучинск қаласындағы Белсенді ұзақ орталығына барды. Өңір басшысы орталықтың жұмысымен танысып, зейнеткерлермен тілдесті.
ИНТЕРШУМ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Осы орталық мемлекет саясатының айқын көрінісі...
РКС: Бүгінде орталықта спорттық, шығармашылық және сауықтыру бағытында 10-ға жуық үйірме жұмыс істейді. Қазыналы қарттар, әсіресе ұлттық спорт түрлеріне ықылас танытуда.
СНХ: ОРАЗКЕН НҰРТАЗИН, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл орталықтың ашылғаны оңды болды. 4-ші жыл болды жолдасы қайтыс болды, жалғыз тұрамын, балалар бөлек тұрады. Осында келіп, кішкене отдушина. Міне, тоғызқұмалақ үйреніп жатырмын. Қара жорға, сосын мында ылғи лекциялар болады.
СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Енді облысымызда бүгінде 10-нан артық белсенді ұзақ орталықтары жұмыс істейді. Көкшетауда бар, онда 18-ден артық үйірме бар. Мұның басты маңызы қарт адамдар зейнеткерлікке шыққанан кейін үйде отырып қалмасын, оларды әлеуметтендіру. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің әрбір Жолдауында айтады, одан қалды Конституциямызда жазылған. Қазақстан-әлеуметтік мемлекет деп. Соның айғағы – осы.
РКС: Осыдан бір ай бұрын қанат жайған орталықта қазірдің өзінде 100-ге жуық зейнеткер тіркелген. Күн сайын белсенді өмір сүруді ұстанған аға буын өкілдерінің саны артып келеді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ