Степняктағы оң өзгерістер
ДИКТОР: Жаңа жолдар, абаттандырылған аулалар және қоғамдық алаңдар. Степняк қаласының инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған жобалар іске асырылуда. Осы мақсатта "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық акционерлік компаниясының еншілес ұйымы "Семізбай-U" серіктестігі 1,2 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлді. Сонымен қатар Республика күні қарсаңында ауданда еңбегімен елдің дамуына үлес қосып жүрген тұрғындарға құрмет көрсетілді.
РКС: Степняк қаласының екі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Наурызбай батыр көшесінде ұзындығы 1 мың 170 метр, Біржан сал көшесінде 810 метр жол учаскесі жаңартылды. Чапаев көшесіндегі үйлердің іргелес аумақтарын абаттандыру жұмыстары да аяқталды.
СНХ: МЕРЕКЕ ТӨРЕБЕКОВ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ: Осы ауылда тудым, осы ауылда өстік. Құдайға шүкір, еліміз көркейіп, қаламыз дамып келеді. Бүгін қарасаң, көшелеріміз жөнделіп жатыр. Мынау - Наурызбай көшесі. Мен өзім Наурызбай көшесінде тұрамын. Абылай хан көшесі де бар. Жолдар жөнделіп, үйлеріміз жылы. Жарық бар, бәрі жақсы. Ауылымыздың көркеюіне үлес қосып жүрген азаматтарға көп рақмет!
РКС: Бағдарлама барлығы 9 бағытты қамтиды. Ауданы 25 мың 500 шаршы метрден асатын қалалық саябақты абаттандыру көзделген. Сондай-ақ, жоба жалпы ауданы 2 мың 500 шаршы метр болатын екі көпфункционалды балалар алаңын орнатуды қамтиды. Жұмыстар тізбесінде - Біржан сал атындағы аудандық мәдениет үйінің мемориалдық кешені мен қасбетін жөндеу де бар.
СНХ: ЖАНАТ ОМАРОВ, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ: Әлеуметтік жобалар тікелей ауданды, қаланы абаттандыруға, Біржан сал ауданын, Степняк қаласын қолдауға бағытталған. Өйткені біздің серіктестік Біржан сал ауданында орналасқан. Балалар алаңдарын абаттандыру, спорт алаңдары бар, жолдарды, көшелерді, жаяу жүргіншілер жолдарын асфальттау. Біз есте қалатын жұмыстың жасалғанын қалаймыз. Асфальт төсеу бойынша жұмыстар 95 процентке, аула алаңдарында жұмыстар 70 процентке аяқталды. Биыл үлгермеген жұмыстарды міндетті түрде келесі жылы аяқтаймыз.
РКС: Степняк қаласындағы ауқымды өзгерістер Республика күніне тұспа тұс келді. Аудандық мәдениет үйінде түрлі сала өкілдерінің, мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындарының басын қосқан салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік бағдарлама аясында мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті. Сондай-ақ, ауданның дамуына үлес қосқан тұрғындарды атап өтті. Оларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, Ақмола облысы әкімінің және аудан әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Степняк қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері алаңы пайдалануға берілді. Бұл орын салтанатты рәсімдер мен қоғамдық іс-шараларды өткізуге арналған абаттандырылған аумаққа айналды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АҚМАРАЛ КЕНЖЕБАЕВА, БІРЖАН САЛ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бүгін өте әдемі мереке күн болып жатыр. Еліміздің, Қазақстан Республикасының 35 жылдығына орай, біздің Степняк қаласында жаңадан толық даңғыл ашылып, ту көтеріліп жатыр.Сондықтан біздің еліміздің бүкіл азаматтарын осы күнмен құттықтаймын. Мен тілейтінім ең бірінші, біздің елімізде тек тыныштық болсын, мереке болсын. Осы халыққа істеп жатқан, барлық жақсылықтары алға басып, елімізге тек жақсы болсын.
СНХ: БАУЫРЖАН ҚАСЕНОВ, АУДАН ӘКІМІ: Бұл алаңда көп жылдан бері тек флагшток өтетін. Республика күніне орай оны абаттандырып қайта пайдалануға берді. Бұл өте маңызды. Тек ұлттық немесе мемлекеттік мерекелерге қатысты ресми іс-шараларға ғана емес, жалпы инвесторларға, халыққа жиналып жақсы кездесу өткізетін орын болады./
РКС: Осылайша, Степняктағы әлеуметтік жобалар күнделікті қалалық инфрақұрылымды да, қоғамдық кеңістікті де қамтуда. Игі істер қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.