Алаш азаматы ардақталды
ДИКТОР. Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қалалық қазақ кітапханасында көрнекті Алаш қайраткері, драматург, жазушы, ғалым әрі публицист Қошке Кемеңгерұлының туғанына 130 жыл толуына арналған мәдени-танымдық кеш өтті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысы мен ұлттық ғылымның, мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлғаның ұрпақтары арнайы келіп, өнегелі өмірі мен қызметі жайында баяндады.
РКС. Қошке Кемеңгерұлы Ақмола облысы, Омбы уезінің Қаржас ауылында 1896 жылы 15 шілдеде дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған соң, әкесі Дүйсебай қажының қалауымен Омбыдағы приход мектебінде және ветеринарлық-фельдшерлік мектепте оқып, орыс тілін жетік меңгереді. Омбы ауыл шаруашылығы училищесін бітіріп, кейін Омбы университетінің медицина факультетінде және Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыған. Омбыда білім алып жүргенде Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаевтармен бірге қазақ жастарының тұңғыш саяси ұйымы — «Бірліктің» белсенді мүшесі болды. Осы ұйымның үні болған қолжазба «Балапан» журналының редакторы, Алашорда үкіметінің ресми басылымы — «Жас азамат» газетінің редакторы болды.,Қазақ халқының рухани өркендеуі жолында еңбек еткен тұлға жайлы ұрпақтары толғана сөйледі.
СНХ РИЗАБЕК НАРМАНБЕТҰЛЫ, ҚОШКЕ КЕМЕҢГЕРҰЛЫНЫҢ НЕМЕРЕСІ: Ол кісі жайлы бала күнімізден әжеміз жанымызда болды, сол кісіден естіп өстік. Есейе келе қолымызға ол кісінің еңбектері түсе бастады. 1956 жылы ақталса да халыққа есімі тарағаны 90-шы жылдары Мағжан Жұмабаевтармен бірге атала бастады ғой. Биыл ол кісінің туғанына 130 жыл.Әрбір жерде конференциялар, дөңгелек үстелдер, жазда Баянауылға ата-бабаларымыздың еліне бардық. Ол жақта да жақсы қарсы алып, іс-шаралар өткіздік. Әрбір отырыста аты аталып, мынандайды бірінші рет көріп отырмыз., фото-суреттерді жинақтап, әдемі түрде көрсеткеніне ризамын кітапхананың басшыларына, Алмас бауырымызға.
РКС. Қошке Кемеңгерұлы жан-жақтылығымен ерекшеленді. Ол химия, медицина, тарих, тіл білімі салаларында еңбектер жазды. Ол тек қаламгер ғана емес, дәрігер ретінде де халыққа қызмет көрсетті. 1924 жылы оның «Қазақ тарихынан» атты іргелі еңбегі қазақтың саяси тарихын жүйелеген еңбек болды. Жазушы, журналист ұлттық терминжасамға үлкен үлес қосып, оның басқаруымен «Қазақша-орысша» тілмәш басылып шықты. Қошке Кемеңгерұлы қазақ тіліндегі химия терминдерін тұңғыш жасаушылардың бірі.
СНХ ҚАЙЫРБЕК КЕМЕҢГЕР, ҚОШКЕ КЕМЕҢГЕРҰЛЫНЫҢ ШӨБЕРЕСІ: Қошкенің еңбектерінде осы Көкше жерінен шыққан тарихи тұлғалардың галереясын біз байқаймыз. Абылай ханнан, Хан Кенеден бастап, Шоқан Уәлихановқа дейін Қошке еңбектерінде зерттеді. Көкше топырағынан шыққан қайраткерлермен бірге қуғын-сүргін құрбандары боздақтармен бірге Ташкент қаласында сөздік шығарды. «Қазақша-орысша» тілмәш құрастырушыларының бірі Есім Байқасқаұлы, Абдолла Байтасұлы, Мағжандар, Жұмағали Тілеулиндермен Көкше-Қызылжар елінің тумалары ғой, солардың барлығымен Қошке Кемеңгерұлы үзеңгілес болды, еңбектерін бірге жазды. «Акмолинские ведомости» газетінде жарық көрген Қошке Кемеңгерұлының әкесі Дүйсебай қажы жайлы деректер осы жерге де қойылды.
РКС. 1930 жылы кеңестік биліктің «Алаш» зиялыларын қуғындаудың алғашқы толқынында Қошке Кемеңгерұлы да тұтқындалып, Валуйкіге жер аударылды. 1935 жылы босап шығып, Омбы облысында дәрігер болып жұмыс істеді. 1937 жылдың 7 тамызында қайта тұтқындалып, дәл сол жылдың 21 қарашасында Омбы қаласында атылды. Сталиндік зұлматтан кейін 1957 жылы 17 тамызда ресми түрде толық ақталды. Оның артында қалған мұрасын жинақтап, жарыққа шығаруға жары Гүлсім Жәмиқызы көп еңбек сіңірді.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ.