Өңір басшылығы Президент Жолдауын тыңдады
ДИКТОР: Бүгін еліміз Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауына назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын, экономикалық міндеттер мен алдағы реформалардың бағыттарын айқындады. Президенттің сөзін бүгін Ақмола облысының өкілдері де тыңдады. Жолдаумен өңір әкімі Марат Ахметжанов, басқарма басшылары мен қоғам өкілдері танысты.
РКС: Жолдауда көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы автомобиль жолдарының жағдайына жауапты тұлғаларды қатаң сынға алды. Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы органдар мәселені шешудің орнына жауапкершілікті бір-біріне ысыра беретінін атап өтті. Президент Үкіметке, Көлік министрлігіне елдегі барлық автомобиль жолдарының сапасына жауап беруді тапсырды. Сондай-ақ, Көкшетау – Петропавл автожолын кеңейту қажеттігін ерекше атап өтті. Маңызды көлік бағыттары тоғысқан Ақмола облысы үшін бұл жолдың маңызы зор.
СНХ: ҚАБДУӘЛИ ҚҰЛЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жаңа жолдауында біздің президентіміз ең бірінші басымасында халық татулығы туралы айтты. Ол не деген сөз? Ол біздің Қазақстанның өркені үшін, көтерілуі үшін мемлекетіміз көкшетауымыз қазақ елі көтерілуі үшін әуелі бірлік керек, татулық керек. Сонда ғана ел арғырай жүреді. Жаңа тағы бір айтып кеткен мәселе біздің облыста бізге энергия жетпейді. Көп мекемелер салынып жатыр, оны бәріңіз көріп отырсыздар. Сондықтан соған не керек? Соған энергетика керек. Сол біз көптен бері жаңа айтып келе жатқан біздің ТЭЦ-іміз Көкшетау. Енді осы Қазақстан бойынша мен ойлаймын жалпы облыстық орталық ТЭЦ жоқ. Сондықтан сол ТЭЦ-ті міне соны тезірек еңгізсе, тезірек салса, біздің көп мекемелеріміз, көп кәсіпорындар көтеріліп жұмыс жасайды.
РКС: Жолдаудағы тағы бір маңызды бағыт әлеуметтік салаға қатысты болды. Президент ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл шара 1 миллион 800 мың адамның табысын арттыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде бюджет саласының 370 мыңнан астам қызметкері бар.
СНХ: ҚАБДУӘЛИ ҚҰЛЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Сонымен қатар Президент медицина қызметкерлерінің жалақысы 1 қаңтардан бастап 40 пайызға дейін өсетінін айтты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы бүгін көптеген басқа да маңызды мәселелерді көтерді. Жалпы, өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру салалары дамып келеді. Мұның бәрін көріп отырмыз.
РКС: Жолдауды тыңдағаннан кейін облыс әкімі Марат Ахметжанов басқарма басшыларына өңірді дамытудың негізгі бағыттары бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін еске салды.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Халықтық құрылыс» деп айтыр отыр. Соны біз бастауымыз керек. Өйткені біраз жоспаларымыз бар облысымызда, ауылдарымыздағы нысандар. Құрылыс, жол, ЖКХ - қандай бізде жоспарларымыз бар, жобаларымыз бар? Соның бәрін маған айтып, осы «Халық құрылысы» тақырыбында. Ертеңге оған халық, қоғамдық белсенділер, қоғамдық кеңес мүшелерін шақырамыз. Соны бәрі білсін, қандай жұмыс.
РКС: Инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, халықтың табысын арттыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану – Мемлекет басшысы Жолдауда айқындаған негізгі міндеттер. Ақмола облысы үшін бұл бағыттар аудандар мен қалаларды, ауылдарды дамыту, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырумен тікелей байланысты. Алдағы уақытта бейінді басқарма басшылары Мемлекет басшысы қойған міндеттерді ескере отырып, осы бағыттардағы жұмысты жалғастыруы тиіс.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ