Негізгі Жаңалықтар Университет оқытушылары мен студенттері зияткерлік ойынға қатысты

Университет оқытушылары мен студенттері зияткерлік ойынға қатысты


ДИКТОР.Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Ұлттық қазына» жобасы аясында «Жеті қазына» зияткерлік-танымдық ойыны өтті.Оған білім ордасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Жоба ұлттық тарих, мәдениет пен әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға бағытталды. 

РКС. «Жеті қазына» ойынының ерекшелігі ¬қазақ халқының танымындағы «Жеті қазына»ұғымын заманауи зияткерлік сайыс форматымен ұштастыруында. Ойын барысында қатысушылар тарих, әдебиет, ғылым, мәдениет, өнер, ұлттық дәстүр және басқа да салалар бойынша білімдерін сынайды. Әр команда жеті адамнан тұрады.Ойын бес кезеңнен тұрады және жалпы саны 35 сұрақты қамтиды. Қатысушылар шектеулі уақыт ішінде тапсырмаларды бірлесе талқылап, өздерінің білімін, тапқырлығын және командалық жұмыс дағдыларын көрсетеді.  

СНХ АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: бүгін міне бірінші ойын оған біздің 18 кафедра қатысады, онда жартысы студенттер, жартысы қатысады. Бірінші ойынның тақырыбы «Ер азамат».келесі ойын «Сұлу әйел» солай жеті ойын болады жеті қазына атауына байланысты. екі күнге бөлінеді ғой, 8 команда 8 командадан екі күн, ол бір рет бір айда өтеді. Жеті ойын жеті ай өтеді. Көктемде кім жеңімпаз болады соларды марапаттаймыз.

РКС. Ойынның басты шарттарының бірі ¬қатысушыларға ұялы телефондарды, интернетті және жасанды интеллект құралдарын қолдануға тыйым салынады. Барлық тапсырмалар қатысушылардың өз білімі мен ойлау қабілетіне сүйене отырып орындалады. Сондай-ақ жоба «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонымен үндесіп, кітап оқу мәдениетін дамытуға және зияткерлік белсенділікті арттыруға ықпал етеді.  

СНХ ДӘУРЕН ЖҰМАҒАЛИЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: жалпы осындай викториналық сайыстарға мектептен бері белсенді қатысып келе жатырмын. Бұл екінші қатысуым, алдыңғы жылы да біз Ақмола облысы бойынша жүлделі екінші орынды иеленген болатынбыз. Бұл жолы да өзімізге жеңіс, қалған қатысушыларға сәттілік тілейміз.

РКС. Университеттегі зияткерлік ойынға қатысушылар мамыр айына дейін бірнеше кезеңнен өтіп, ақтық мәреге жеткендер ақшалай сыйақыға ие болады. Білім ордасы ұжымының шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған жоба алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚОВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ.


Бөлісу