Негізгі Жаңалықтар Баскөл ауылында заманауи мал бордақылау алаңы ашылды

Баскөл ауылында заманауи мал бордақылау алаңы ашылды


ДИКТОР: Шортанды ауданында мал бордақылауға арналған заманауи алаң ашылды. Жаңа нысан Пригородный ауылдық округіне қарасты Баскөл ауылында пайдалануға берілді. Жергілікті кәсіпорын 2012 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп келеді. Жаңа жоба мал шаруашылығын дамытуға, өндірістік қуаттылықты арттыруға және отандық өнім өндірісін қолдауға бағытталған.

РКС: Өндірістік кешеннің құрамында жалпы аумағы 940 шаршы метрді құрайтын жабық ғимарат бар. Сонымен қатар аумағы шамамен 430 шаршы метрден болатын екі ашық қора салынған. Маусымдық жағдайлар мен қажеттіліктерді ескере отырып, мұнда 200-ге жуық жылқы ұстауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, бір мезетте 100 басқа дейін ірі қара малды бордақылауға болады.

СНХ: ЕСЕНЖОЛ БЕКІШЕВ, «БАСКӨЛ 2012» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Біздің коллективқа көп көп рахмет. Үлкен атсалысып 200 басқа үлкен база салынды. Елорданың «продуктовый пояс» дейміз. Сол үшін үлкен еңбек етеміз. Алдағы жоспар да бар. Жаңа цехтерді ашылып, жаңа өңімді шығарамыз.

СНХ: САҒЫНДЫК ШАБАРОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Әрдайым осылай жақсы себептер ауылымызда болсын. Кәсіпорындар ашылса, еліміздің халқымыдың жұмыс орын ашылады, жалақы төленеді, салық төленеді. Сондықтан ол бәрі тек қана жақсы себептер бола берсін.

РКС: Жаңа кешен мал бордақылаумен қатар, оны күтіп-бағуға және қыстатуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мал басын кезең-кезеңмен жаңартып отыру арқылы жыл бойы үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету көзделген. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде шамамен 10 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл – ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға және олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу