Жолдауды талқылауға арналған облыстық актив отырысы өтті
ДИКТОР: Көкшетауда Президент Жолдауын талқылау бойынша облыстық актив отырысы өтті. Облыс әкімі Марат Ахметжанов басқарма басшыларының, аудан және қала әкімдерінің алдына жұмыстың басымдықтарын белгілеп, бірқатар міндеттер қойды.
РКС: Экономиканың дамуы, құрылыс және тұрғындардың әл-ауқаты, таяу болашақта сүйенетін негізгі бағдар. Облыстық актив отырысында Марат Ахметжанов халық үшін нақты өзгерістерге қол жеткізу қажеттігін атап өтті. Бүгінде Ақмола облысында 61 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, онда 132 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Облыс әкімі кәсіпорындарды дамытуды қолдау, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту және әкімшілік кедергілерді қысқарту міндетін қойды.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ,АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Маңызы оны қоғаммен мемлекеттік дамуына ықпал жан-жақтан біз талқылап пікір алмасуымыз керек. Және өзі басында аяқ кезінде Президент айтып өтті. Егер сана сезімді көзқарасымызды жұмысқа деген қазіргі мынау ортақ жұмыстарға өзгертпесек, бұның бәрі бекер амал болады. Сондықтан ең бастысы бұл қазіргі осы қойып жатқан талаптарды іске асыру мақсатында біздің толық мүмкіндігіміз бар. Енді біздің осал жерлеріміз бар. Оны қарап жатқан кезде мына кешегі Президенттің қойып отырған талаптарын арқасында қарайтын болсақ, осы кемшіліктеріміз айқын көрініп тұр. Неге осындай жұмыстардың нақты толыққанды біз тиімділігін көрмей жүрміз? Көп қараулы қаражат бар. Жағдай жасалып жатыр қазір. Мемлекет қызметін басқару моделі өзгеріп жатыр. Жаңа бенефициар халық деп айтып жатыр. Ол алға бөгет алып жатыр халық. Сондықтан қазіргі таңда біздің енді өзіміздің біраз жасалған жұмыстарымыз бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Ал енді әлеуметтік президент, әлеуметтік экономикалық дамуын тұрақтылығына бағытталған бірқатар міндеттерді қойып отыр. Макроэкономикалық тұрақтылық, халықты асыру, инвестициялық саясатпен бизнес жүргізу үшін жағдайларды қайта қарау, цифрлық активтерді экожүйесін қалыптастыру, өнеркәсіптік әлеуетті ашу, әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жүктеу. Сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын бекіту. Президент жолдауында Қазақстанды жан жақты жаңғыртудың басты қозғаушы күші ретінде күш ретінде бәрін айқындап берді.
РКС: Президент келесі жылды жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Өңірде бұл бағытта жақсы көрсеткіштер бар. Үш жыл ішінде екі миллион шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысының көлемі бойынша Ақмола облысы еліміздің солтүстік және орталық өңірлері арасында көшбасшылық позицияны сақтап отыр. Биыл 700 мың шаршы метрден аса тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Осылайша, 6 мың 800 отбасы жайлы тұрғын үй жағдайына ие болады. Сондай-ақ мектептер, ауруханалар, жолдар, инженерлік желілер, мәдени және спорт объектілерін салу және жаңғырту басым бағыт болып қала береді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазіргі таңда ауқымды халық құрылысы деп режим жариялады. Бір жарым триллион ақша осы қазіргі төртінші желтоқсанда және келесі жылдың екі айында бөлінеді. Бір жарым триллион ақша қаражат. Ол жерде мынау құрылысқа, халық құрылысы. Өйткені мына халық қоры халықтың игілігіне жұмыс істеуі керек. Сондықтан қазіргі осындай ертең халыққа қалатын мұндай үлкен, үлкен орталықтар, мәдени, денсаулық, білім, спорт орталықтары. Солар осы бір-екі жылда құрылыс көтеру керек. Әрине, тұрғын үй ол да бар, олар бәрі. Ол бізде бір құрылған жоқпыз. Біздің де үлкен жобаларымыз бар. Келіп жатқан енді мен ертең мына халық құрылысы деп Ақмола облысы ол жерде үлкен жанжақты тек қана Көкшетау емес.
РКС: Марат Ахметжанов әкімдер берілген қаражатты бөліп қана қоймай, жергілікті жерлерде табысты арттыру үшін мүмкіндіктер іздеуі тиіс екендігін атап өтті. Бұл инвесторларды тарту, жаңа өндірістер құру және қайта өңдеуді дамыту.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Әкімдер, ертең мектеп, денсаулық сақтау нысанын салуға ақша қажет болады. Сол кезде қаражатқа басқаша қарайтын боласыздар. Үнемдеп, шағын және орта кәсіпорындар құрып, ірі инвесторларды шақырасыздар. Өзіндік құн аз болды. Жұмысшыларға жоғары жалақы төлеу қажет. Жалақыдан да әлеуметтік салық, мүлік салығы ұсталады. Әкімдерді жұмысына қарай бағалау критерийлері өзгереді.
РКС: Өңір басшысы бүгінде аудан, ауыл мен қала әкімдерінің, сондай-ақ басқарма басшыларының алдында аумақтарды дамытуды қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық алшақтықты қысқарту және өмір сүру сапасын арттыру міндеті тұрғанын атап өтті.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.