Негізгі Жаңалықтар Кәсіпкерлер күні атап өтілді

Кәсіпкерлер күні атап өтілді


ДИКТОР: Ақмола облысында Кәсіпкерлер күні атап өтілді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Кәсіпкерлер кәсіби жетістіктері, экономикалық дамуға қосқан үлесі және жұмыс орындарын құрғаны үшін марапатталды.


РКС: Қазақстанда Кәсіпкерлер күні ресми түрде 2025 жылы белгіленді. Бұл атаулы күн 2015 жылғы 29 қазанда қабылданған Кәсіпкерлік кодексімен байланысты. Аталған құжат бизнес, инвестиция және бәсекелестік салаларына қатысты негізгі нормативтік ережелерді біріктірді. Салтанатты рәсім барысында өңірлік бизнес қауымдастығының өкілдері марапатталды. «Black» ЖШС-нің атқарушы директоры Роман Никитенко «Іске адалдығы үшін» III дәрежелі медалімен марапатталды. Сонымен қатар, кәсіпкерлер Максим Зайцев пен Руслан Соколов Құрмет грамотасы және алғыс хатпен марапатталды.

 

СНХ: РОМАН НИКИТЕНКО, «БЛЭК» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Қоғам тарапынан мойындалуымыз – қуантарлық жайт. Біз адамдардың өміріне нақты үлес қосамыз деп сенемін. Жалпы алғанда, кәсіпкерлер мықты қауымдастықты құрайды. Біз әрдайым бір-бірімізге қолдау көрсетіп, байланыста боламыз, әркімнің байланыс тізімінде достары, іскер серіктестері және кәсіптес әріптестері бар. Меніңше, бұл – ұлтты нығайтатын қуатты қауымдастық, өйткені салық түсімдерін қалыптастыратын да, жұмыс орындарын ашатын да – дәл осы кәсіпкерлер.

РКС: Жиында сондай-ақ «Заң және тәртіп» аясында жүзеге асырылып жатқан «Адал кәсіпкер» республикалық бастамасы да сөз болды. Оның мақсаты – этикалық бизнес тәжірибелерін қолдау, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Байқау комиссиясының бағалауы нәтижесінде 14 жеңімпаз анықталды. Олар «Үлгілі салық төлеуші», «Әлеуметтік жауапты жұмыс беруші», «Қауіпсіз өндіріс», «Мемлекеттің сенімді серіктесі» және «Қоғам сенімі мен ашық диалог көшбасшысы» санаттары бойынша марапатталды.


СНХ: АҚЫЛБЕК СМАҒҰЛОВ, «АТАМЕКЕН» ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Мемлекетпен бәсекелесу қиынға соғатын салаларда болса да, өңірлік және ұлттық экономикаға елеулі үлес қосып отырған кәсіпорындардың өз қызметін жалғастырып, мемлекеттің әлеуметтік мақсаттарын қолдап келе жатқанына біз өте қуаныштымыз. Сонымен қатар, 2020 жылдан бері елімізде орын алған түрлі оқиғалар барысында бизнес секторының жұмысын жалғастыруға дайын екенін, әрі бұған қауқары жететінін көрсеткенін атап өткіміз келеді. Ал бұл – ең маңыздысы.


РКС: Осы бастама аясында өз салаларында елеулі табыстарға қол жеткізген кәсіпкерлер марапатталды. Мұндай шаралар ашық бизнес ортасын қалыптастыруға және жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлік қызметті қолдауға бағытталған. Кәсіпкерлік өңірлік экономиканың маңызды құрамдас бөлігі. Ол жұмыс орындарын қамтамасыз етіп, түрлі салалардың дамуына серпін береді.

 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу