Қосшыда қанатты құстардың республикалық бәсекесі өтті
ДИКТОР: Қосшы қаласында спорттық және әуеде гимнастикалық элемент жасайтын көгершіндердің алғашқы республикалық көрмесі өтті. Ауқымды шара, еліміздің әр өңірінен келген ондаған көгершін өсірушіні бір алаңға тоғыстырды. Құстарды баптап, ұшу машығына үйретумен айналысатындар шетелдік селекционерлер мен спортшылардың да қызығушылығын тудырды.
ИНТЕРШУМ:
ДИКТОР: Көрмеге қатысушылар қанатты құстарын 5 санат бойынша таныстырды. Арнайы сарапшылар алқасы «Елорда көгершіні» және «Солтүстік-Шығыс Қазақстан чемпионы» аталымдары бойынша үздіктерді анықтады. Көрмені Ұлттық спорттық көгершін өсірушілер клубы мен Қосшы қаласындағы AQ-MESHIT клубы бірлесіп ұйымдастырды. Көрме барысында көгершіндер өздерінің ұшу шеберлігі мен ерекше қабілеттерін көрсетті. Бұл, құс өсірудің өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Мұнда құстардың сыртқы сымбаты емес, ұшуға төзімділігі, жылдамдығы және ұзақ қашықтықты бағындыру қабілеті басты назарға алынады.