Президент Жолдауы: педагогтар пікірі
ДК: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары да тыңдап, өз ойларымен бөлісті. Педагогтар ел экономикасын, инфрақұрылымды және білім беру саласын дамытуға бағытталған бастамаларға тоқталып, жасанды интеллектіні тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті.
РКС: Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген бастамалар білім беру саласының өкілдері үшін де маңызды. Әсіресе, педагогтардің жүктемесін азайту, білім сапасын арттыру және жасанды интеллектіні оқу үдерісінде тиімді пайдалану мәселелері өзекті. Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалар да өңір экономикасының өркендеуіне ықпал етпек.
СНХ: СЫРЫМ БЕГЕН, Ж. МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЗАҚ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Өз Жолдауында Президентіміз экономика бағытында, инфрақұрылым бағытына, білім бағытына және де жасанды интеллект туралы негізгі мәселелерді алға көтерді және де алдағы уақытта жасалатын жұмыстарды ұсынған болатын. Бізде инфрақұрылым, яғни мемлекетімізге керекті жаңа жобалар, яғни транзиттік магистральды жолдар туралы айтылды. Көкшетау Петропавл қалалары арасында тас жолды кеңейту туралы мәселені көтерген болатын. Бұл шетелдік мемлекеттермен Қазақстанға келіп жатқан экономикалық байланыстар, сонымен қатар Қазақстандағы трансмагистральды бағыттардың қауіпсіздігін сақтау бұл өте маңызды болып табылады.
РКС: Жолдауда білім беру саласына қатысты бастамалар да педагогтердің назарынан тыс қалған жоқ. Әсіресе, мұғалімдердің қағазбастылығын азайту, кәсіби қызметінің сапасын арттыру және жасанды интеллектіні оқу үдерісінде көмекші құрал ретінде пайдалану мәселелері өзекті. Сонымен қатар, 2027 жылды жалпыұлттық ауқымдағы құрылыс жылы деп жариялау бастамасы да елдің инфрақұрылымын дамытуға жаңа серпін бермек.
СНХ: БАҚДӘУЛЕТ ЕРМЕКӘЛІ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЗАҚ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Жаңа айтылған бұл Жолдауда маған мұғалімге байланысты, өзімнің мамандығыма байланысты жолдау тетіктері ұнады. Мысалы айтсақ педагогтың жүйтемесін азайту бойынша қағаз бастылықты азайту бойынша және де мұғалімнің жұмыс сапасын арттыруға байланысты өзіндік ойларын ұсынды. Және де білім саласында жасанды интеллект ол мұғалімнің көмекші ретінде қолданылуы керек. Және де 2027 жыл алдағы жылымызды жалпы халықтық ауқымды құрылыс жылы деп атап кетті ол кісі.
РКС: Оқытушылардың пікірінше, Жолдауда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру елдің экономикалық әлеуетін нығайтып, білім беру сапасын арттыруға және заманауи технологияларды кеңінен енгізуге мүмкіндік береді. Ал бұл міндеттерді орындауда білікті маман даярлау мен жас ұрпақтың білімін жетілдірудің маңызы зор.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ