Негізгі Жаңалықтар Жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Жаңа кітаптың тұсауы кесілді


ДИКТОР. Белгілі қаламгер,Қазақстанның құрметті журналисі, Президент сыйлығының иегері және «Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Байқал Байәділдің «Тайталас» атты деректі-көркем туындысының тұсаукесері Көкшетаудағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» өтті. Бұл еңбек — қаламгердің көпжылдық шығармашылық және журналистік тәжірибесінің нәтижесінде дүниеге келген келісті туындылардың бірі.

-естет. Шум: 

РКС. Шығарманың негізгі желісі «адам және уақыт», «тұлға және қоғам» арасындағы күрделі қарым-қатынастарға құрылған. Тәуелсіздік кезеңіндегі және оған дейінгі қоғамдық-саяси өзгерістер, елдік мүдде мен азаматтық ұстанымның қақтығыстары шынайы бейнеленген. Автор журналистік шеберлігін қолдана отырып, мұрағаттық деректер мен естеліктерді көркем тілмен өріп шыққан.

СНХ БАЙҚАЛ БАЙӘДІЛ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ: «Тайталас» деген себебім, пенде ғұмырда, адамның өмір жолында кездесетін қиындықтарды жеңе білу үшін кейінгі буынның рухы мықты болу керек. Мен өз кейіпкерімнің білім жолындағы, еңбек майданында қиындықтың бәрін қара нарша көтеріп алып, жеңе білу үлгісін жастарға көрсеткім келді.

РКС. Тұсаукесер кешіне кітаптың авторымен бірге шығармаға арқау болған басты кейіпкер қоғам қайраткері, меценат-азамат «Көкше-Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Досымхан Аралбаевтың өзі де қатысты. Кітаптың ең басты құндылығы — оның кейіпкерінің ойдан шығарылмағандығында. Бұл туындының өмірде болған нақты оқиғалар мен тұлғалар тағдырына негізделгенін көрсетеді. Тұсаукесерде атап өтілгендей, бұл кейіпкердің өмір жолы арқылы бүкіл бір буынның тағдыры мен мінезі ашылады.


СНХ БАҚЫТ СМАҒҰЛ, «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: жалпы Байқал бүкіл Қазақстанға танымал журналист, қаламгер. Оның кітаптарының бір тағылымы өмірде бар адамдардың тағылымды жолын,ішкі жан-дүниесін, сыртқы жан дүниесін орайластырып, қазақы бір әдемі тілмен жеткізе білудің көрінісі деп ойлаймын. 

РКС. Әдеби шара барысында филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек туындыға ғылыми талдау жасаса, белгілі жазушы-драматург Жабал Ерғалиев бастаған зиялы қауым өкілдері кітаптың ұлттық әдебиет пен бүгінгі оқырман үшін танымдық маңызы жоғары екенін атап өтті.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ».                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              


Бөлісу