Қазақстан халық кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов ақмолалық қоғам өкілдерімен кездесті
ДИКТОР. Көкшетауға арнайы ат басын бұрып, ақмолалық қоғам өкілдерімен кездескен Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында алға тартқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасына ерекше тоқталды. «Кеңесіп пішкен тонның келте болмайтынына» Ерлан Жақанұлы басымдық беріп, Ақмола өңірінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларға көңілі толатынын жеткізді. Жиынға қатысқан облыс әкімі Марат Ахметжанов бүгінгі талқыланған бағдарламалар жаңа істерге серпін береді деді.
РКС. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты биылғы Жолдауында 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялап, бұл қозғалысқа «Халықтық құрылыс» бағдарламасы деген атау бергені белгілі. Бастаманың басты мақсаты — елді толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтып, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және ұлттық экономиканы жандандыру. Сондықтан Халық Кеңесінің әр мүшесіне ерекше жауапкершілік жүктеліп отыр. Ақмолалық қоғам өкілдерімен кездесу барысында биылғы Жолдауда басымдық берілген бағыттар ортаға тасталды.
СНХ МӘДИ МЫРЗАҒАРАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
ГЕННАДИЙ ШИПОВСКИХ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
РКС. Кездесу барысында ауыл-аймақта жеке ісін жүргізіп, жергілікті халықты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер де сөз алды. Олар цифрлық технологиялардың ауыл шаруашылығы саласына енгізілуінің артықшылықтарына тоқталды. Ал денсаулық сақтау бағытында жасалып жатқан жаңашылдықтарға назар аударған сала өкілдері әлеуметтік нысандарды өңірлердегі тұрғындарға тиімді жерлерде салу қажеттігіне Халық Кеңесі мүшелерін көңіл бөлуге шақырды.
СНХ ӘБІЛҚАЙЫР ОШАҚБАЕВ, «ҚОРЖЫНКӨЛ-А» ЖШС ДИРЕКТОРЫ (ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫ):
СНХ НҰРЛАН ЖАРОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
РКС. Жиынды қорытындылаған Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов өзі жетекшілік ететін органның жүзеге асырылатын жобалар әр өңірдегі халықтың үніне құлақ аса жүргізілетініне тоқталды. Ақмола аймағындағы инвестиция тарту, машина жасау, цифрландыру, экологияны жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бәріне көңілі толатынын және ақмолалықтардың өте еңбекқор, іскер, әр іске жауапкершілікпен қарайтын мықты мамандар екенін де Ерлан Жақанұлы ерекшелеп айтты.
СНХ ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
РКС. «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау мекемесі: перзентханалар, ауруханалар, балаларға арналған оңалту орталықтары және 50-ге жуық білім беру, спорт, мәдениет нысандары бой көтереді. Әр облыс орталығында, аудандар мен елді мекендерде жолдар, әуежайлар, вокзалдар салынып, жөндеуден өтеді. Ауылдарға газ бен таза ауыз су жеткізіледі. Құрылыс жұмыстарына материалдық-техникалық базасы мықты жергілікті шағын және орта бизнес өкілдері тартылып, отандық құрылыс материалдарына басымдық беріледі. Жоба аясында жүз мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.