Қызметіне адал азамат
ДИКТОР: Әділет капитаны Алмас Мұқышев үшін қызмет ету – жай ғана жұмыс емес. Бұл – бала кезінен әкесі бойына сіңірген жауапкершілік пен адалдыққа негізделген өмірлік ұстаным. Бүгінде ол өзі басқаратын ұжым үшін тек басшы ғана емес, қиын сәтте қолдау көрсетіп, ақыл-кеңесін бере алатын азамат болуға тырысады. Әділет капитанымен тілшіміз Евгений Варанкин сұхбаттасты.
РКС: Алмас Мұқышев – Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы. Ол Көкшетау қаласында дүниеге келіп, осында өскен. Бала кезінен әкесін үлгі тұтқан. Әкесі Төтенше жағдайлар департаментінің 112 қызметінде жедел кезекшінің көмекшісі болып еңбек еткен. Алмас бойына қызметке деген құрмет пен жауапкершілік сезімін сіңірген де – әкесі.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЛМАС МҰҚЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Әкемді үлгі тұтамын. Қызмет жолына түсуіме де оның ықпалы зор. 2025 жылдың қазан айында Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы болып тағайындалдым. Жұмысымыз кадр мәселелеріне қатысты. Яғни, қызметке үміткерлер мен жас мамандарды іріктеу, қызметкерлерді басқа лауазымдарға ауыстыру және олардың қызмет бабында өсуіне жағдай жасау – біздің міндетіміз. Нәзік жандармен қарым-қатынаста қаталдық танытуға болмайды. Олармен тіл табысып, жағдайларын түсіне білу қажет. Ең бастысы – өзара түсіністік болуы керек.
РКС: Бүгінде Алмас алты қызметкерден тұратын ұжымды басқарады. Оның қарамағындағы қызметкерлердің барлығы – қызмет пен отбасы жауапкершілігін қатар атқарып жүрген тәжірибелі мамандар. Жасы небәрі 26-да болса да, Алмас әріптестерімен тез тіл табысып, ұжымның сеніміне ие болған. Оның пікірінше, тиімді басқарудың негізі – өзара құрмет, түсіністік пен қолдау.
СНХ: БАЯН КӘРІМЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ: Бір жыл көлемінде өз ісінің маманы есебіне көрсете білді. Берілген тапсырмаларды ұқыпты қарайды, тиянақты. Өз уақытында тапсырмаларды орындауға тырысады. Ұжыммен ол тез тіл табысып кетті. Әріптестеріне өте сыйлы қарайды. Алмас Қанатовичті 8 қырлы деп айта аламын. Ол ән де айта алады, домбырада да ойнайды. Спортқа да жақын қызметкер. Өз басым Алмас Қанатовичті өте сыйлаймын. Сенемін, оның болашағы үлкен. Мүмкін, көрерміз, болашақта генерал болатынына сенімдеміз.
РКС: Қызметтен тыс уақытта Алмас – қамқор жар, аяулы әке. Жұбайы Әлия екеуі Санжар есімді ұл тәрбиелеп отыр. Алмас отбасында ата-анасынан алған тәлім-тәрбиені ұстануға тырысады. Үлкенді сыйлау, уәдеге берік болу және адалдықты ту ету – оның өмірлік қағидалары. Әділет капитаны өзінің өмірлік ұстанымын қысқа да нұсқа жеткізеді: «Жақсылық әлемді құтқарады». Оның пайымынша, қандай лауазымға ие болсаң да, ең бастысы – адамдық қасиетті жоғалтпау.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ