Негізгі Жаңалықтар Аймақта көкжөтелдің 18 жағдайы тіркелді

Аймақта көкжөтелдің 18 жағдайы тіркелді


ДИКТОР: Жыл басынан бері өңірде көкжөтелдің 18 жағдайы тіркелді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2 есе көп. Аурудың көбеюіне не себеп? Оның алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынған? Тілшіміз жалғастырады. 

РКС: Көкжөтелге шалдыққандардың дені - балалар. Олардың жетеуі әлі бір жасқа толмаған нәрестелер. Мамандар көбіне мұны ата-аналардың екпе салдырудан бас тартуымен байланыстырады. Себебі науқас балалардың 80 пайызы вакцина алмаған. Ал қызылша жұқтырғандар саны былтырғыдан аз. Дегенмен мамандар жұқпалы аурудың таралуын әлі де жіті бақылауда ұстап отыр.

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Науқастардың басым бөлігі - ересектер. Олардың саны 100-ге жетті. Бұл - жалпы жағдайдың шамамен 55 пайызы. Сонымен қатар 78 ересек адамның екпе мәртебесі белгісіз. 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 49 жағдай, ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында 33 жағдай тіркелді.

РКС: Қызылшаға шалдыққандар - екпе алмаған не вакцинацияның толық курсын өтпеген азаматтар. Сондықтан ауруға шалдығудың бірден бір себебі де - осы,-дейді мамандар.  

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Ата-аналардың екпеден бас тартуы жұқпалы аурулардың таралуына тікелей әсер етеді. Ауырған балалардың басым бөлігі – ата-анасы жоспарлы екпеден бас тартқан балалар. Ал вакцинацияның арқасында көптеген қауіпті аурудың алдын алуға болады. Мысалы, бұрын полиомиелит жиі кездесетін. Қазір бұл аурудың тіркелмеуіне вакцинацияның үлесі зор.

РКС: Ал тұмау не оған тектес вирустық аурулар көрсеткіші былтырғыдан 1,2 процентке өскен. Бүгінде тұмауға қарсы екпені тәуекел топтағы азаматтардың тек 53 пайызы алған. 

ЖАНА МҰҚЫШЕВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу