Негізгі Жаңалықтар Көне жазудың көмбесін ашқан жастар

Көне жазудың көмбесін ашқан жастар


ДИКТОР: Бүгінде Ақмола облыстық архив қорында 500 мыңға жуық құжат сақталған. Құнды мұралардың арасында ғасырдан астам тарихы бар жазбалар да кездеседі. Олардың қатарында төте жазумен хатталған құжаттар да аз емес. Бүгінде осы көне жазудың қыр-сырын меңгеріп, тарихи деректердің мазмұнын зерттеп жүрген жастар бар. Ақмола облысының мемлекеттік архиві жанын құрылған «Жас зертеуші» клубы 3 жылдан астам уақыттан бері осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

ИНТЕРШУМ: МАРЛАН ҚАЛДАРБЕКОВ, «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

РКС: Көне құжаттарды ақтару, өткен тарихтың қатпарларына үңілу, жас зерттеушілер үшін бағалы дүние. Олар төте жазумен жазылған мұраларды оқып қана қоймай, ондағы құнды деректерге қанығып, өткен күннің ақпаратын зерделеп жүр. Әрбір құжаттың мазмұнына үңіліп, тарихи оқиғалар мен сол кезеңдегі қоғам өміріне қатысты тың мәліметтерді анықтауға күш салады. Бұл архив қорын ғылыми айналымға енгізумен қатар жас ұрпақтың тарихи сауатын арттыруға бағытталған игі бастама.

СНХ: ҚАРАҚАТ БЕГАЙДАР, «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Қазіргі таңда архив мұрағаттарында көптеген газеттер сақтаулы. Солардың бірі «Бостандық туы газеті». Бұл газет 1922 жылы төте қаріпімен басылып шыққан газет. Сол кезеңдегі қазақ халқының кеңестік төңкерістен кейінгі өмір салтын сипаттайды. Бұл жерде билік органдарының жұмысының кемшіліктерін атап өтеді. Және бұл кесмшіліктерді азайту үшін қазақ халқының көзі ашық, оқуды жетік меігерген азаматтар шығу керек деген ұғымдарды атайды.  

РКС: Зерттеу жұмыстары барысында жастар ескі жазудың ерекшеліктерін үйреніп қана қоймай, жалпы мақала жазу, ақпарат жинау сияқты архив жұмыстарын жан-жақты игеруде. 

СНХ: ӘСЕМ ӘЛДІБЕКОВА, «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ақмола облыстық мемлекеттік архив жанынан 2018 жылдан бері қарай «Жас зерттеушілер» клубы жұмыс жасап келе жатыр. бұл клубтың басты мақсаты біздің жастарды, оқушыларымыздың, студенттеріміздің тарихқа қызуғышылығын ояту. Архив құжаттарымен қалай жұмыс жасау керектігін үйрету, ғылыми зерттеу жұмыстарын, архив құжаттарына сүйене отырып жазуды үйрету басты мақсат. «Жас зертеуші» клубы қазіргі таңда жоспар бойынша жүргізіледі. Ай сайын балаларды жинап әртүрлі жұмыс түрін жүргіземіз. Дөңгелек үстелдер атаулы күндерге байланысты, Ақмола облысының, көкшетау қаласының ірі тұлғаларының мерейтойларына архив құжаттары негізінде түрлі тақырып конференциялар, викториналық жарыстар, ойындар, конкурстар ұйымдастырылып отырады.  

РКС: Көне жазбалар өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір. Оларды оқып, зерделеу арқылы тарихтың беймәлім беттері ашылып, ұлт мұрасы кейінгі ұрпаққа жетеді. Жас зерттеушілердің ізденісі де осы игі мақсатқа жұмылдырылған.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу