Негізгі Жаңалықтар Қалдықты кәдеге асырған оқушылар

Қалдықты кәдеге асырған оқушылар


ДИКТОР: Көкшетаудағы №20 мектеп-гимназиясының оқушылары «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бастама көтерді. Олар пайдаланылған пластик бөтелкелерді жинап, қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуда. Қалдықты кәдеге жаратқан оқушылардың бастамасымен тілшіміз танысып қайтты.

РКС: Пластик қалдықтарының табиғатқа тигізер зияны аз емес. Мәселен, пластик пакеттер мен бөтелкелердің ыдырауына 450-ден 1000 жылға дейін уақыт кетеді. Олар топырақтың құнарлылығын төмендетіп, өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіреді.Сондықтан оны сұрыптап, қайта өңдеу маңызды. №20 мектеп-гимназиясының оқушылары да осыны жақсы түсінеді. Олар акция барысында пластик бөтелкелерді жинап, олардан түрлі бұйымдар жасады. 

СНХ: АЙАРУ ОРАЗБЕК, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 7 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Бүгін біз «Таза Қазақстан» жобасы аясында пластикке 2 өмір бердік. Бұл бізде құстарға ұяшық, екіншісі органайзер. Мен бұл органазейге 5 пластикалық бөтелке қолдандым. Оларды бояп, жіппен орадым. Бұл қалам, қарандаш ұстау үшін. Ортасына гүл салып қойдым. 

СНХ: КӘУСӘР АҚТАЙ, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 7 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Бүгін мен самаурын істеп әкелдім. Мен оны жасау үшін 1-2 сағаттай кетірдім. Бірінші астынан бастап жасадым. Картон кесіп, фетр жапыстырдым. Содан кейін саурынды істедім. Ол 5 л бөтелкеден жасалған. Осының ішіне су немесе шәй құюға болады. 

РКС: Жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығы осындай қарапайым істерден көрінеді. Бүгінгі шығармашылыққа толы игі бастама ертеңгі экологиялық жауапкершіліктің негізіне айналады дейді мектеп ұстаздары. 

СНХ: МЕРУЕРТ САЙФОЛЛАЕВА, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ПЕДАГОГ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: Балалардың еңбегі өте маңызды. Өйткені пластикке 2-ші өмір сыйлау, ол баланың кішкентай кезінен бастап, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны жанашырлықпен ұстауға тәрбиелейтін ең маңызды еңбек болып саналады. Яғни баланың бұл еңбектегі маңызды рөлі еңбекшілдікке тәрбиелейді, экологиялық тәрбие береді, үнемшілдікке үйретеді және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады. 

РКС: Мектеп қабырғасында дәл осындай акциялар мен ашық сабақтар жиі ұйымдастырылып тұрады. Өйткені, тазалық-тәрбие бастауы, баланың бойында жақсы әдеттер мен адамгершілік қасиеттер әуелі отбасынан, кейін мектептен алған тағлым. «Таза Қазақстан» акциясы да тек экологиялық бағыттағы жоба ғана емес, ол ұлттық болмыс пен адамгершілік қасиетті ұштайтын маңызды қадам.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу