Абылай хан ордасынан Жиделі-Байсынға жолға шыққан экспедиция елге оралды
ДИКТОР. Осыдан екі апта бұрын Бурабайдағы Абылай хан алаңынан Өзбекстандағы байырғы қазақ жері Жиделі-Байсынға тарихи-танымдық халықаралық экспедиция жолға шыққан еді. Жергілікті зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар болып сәт-сапар тілеп, шығарып салған болатын. Абылай ханның жүріп өткен жолдарын зерделеп жүрген экспедиция мүшелері күні кеше ғана елге қайтып оралды.Қалың жұртшылық оларды қаланың кіреберіс қақпасынан қошаметпен қарсы алды.
-естет.шум:
РКС. Қоғам қайраткері, өлкетанушы Мұрат қажы Ыдырысұлы жетекшілік ететін «Абылай ханның қара жолы» ғылыми-танымдық экспедициясының соңғы сапарлары халықаралық сипат алғаны белгілі.Бұл жолғы сапар Өзбекстан еліне жоспарланды. Бағзы заманнан қазақтың жұмақ жері саналған Жиделі-Байсынға бару арқылы тамырынан ажырамағандықтарын танытып, Ақмоланың сәлемін ала барған экспедицияның он жеті мүшесі бірнеше қаланы аралап, ғылыми конференцияларға қатысып, көне мұрағаттарды көзбен көріп, жәдігерлермен танысып қайтты.
СНХ ЖАМБЫЛ АРТЫҚБАЕВ, ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ, ЭКСПЕДИЦИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ: Жалпы Жиделі-Байсынды біз жаңа тауып жатырмыз. Қазақтың Жиделі Байсыны. Аңыз болған, ертегі болған. Жиделі-Байсынға бұл бірінші экспедиция Қазақстан тарапынан барған, Көкшетаудан барып жатқан.Сондықтан экспедицияның маңызын бағалау өте қиын. Ұлан-асыр той жасауларыңыз керек сіздердің Өзбекстан мен Қазақстан арасына алтын көпір орнатып келдік.
РКС. Қонақжай өзбек халқының құшақ жая қарсы алғанына тәнті болған экспедиция мүшелері елге үлкен шабытпен оралды. Жастарының иіліп сәлем беруінен бастап, үлкендердің ілтипаты мен билік басындағылардың қарапайымдылығына дейін тәнті болғандықтарын айтып жатыр. Қазақтың байырғы жеріне топырақ тірегендегі толқыныстарын да ортаға салды.
СНХ МҰРАТ ҚАЖЫ ЫДЫРЫСҰЛЫ, «АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Абылай хан Ташкентте де, Самарқандта да, Бұхарада да, Жиделі-Байсында да болған. Абылай ханның тағы екі жолы белгілі болды.Сарыарқадан Бұхараға шығатын жолы,оны Сарыарқа жолы дейді немесе Арғын жолы дейді. Екінші жолды «Хан жолы» дейді.Біздің барған себебіміз өзбек пен қазақ халықтары арасындағы татуластықты,бұрынғы бауырмашылықты дамыту. Біздің бір аңғарғанымыз қыз баладан қартайған кәріге дейін танысын, танымасын «Ассалаумағалайкум!» дейді. Ташкент, Самарқанд, Термез университетінде болдық, бәрі иіліп сәлем береді, осы бізге жетіспейді, біздің жастарға осы тәрбиені берейік деп келдік.
СНХ ЕРЛАН НАУРЫЗБАЕВ, ЭКСПЕДИЦИЯ МҮШЕСІ: Қажы ағаға рахмет мені шақырғанына, бардым ойламай, өте қуаныштымын,тағы шақырса барамын.
РКС. Экспедиция мүшелерімен жергілікті зиялы қауым өкілдері Көкшетаудағы «Келісім сарайында» кездесті. Жүріп өткен жолдары жайлы әңгімелеген сапарластар алдағы уақытта деректі фильм дайындап, кітап жазылатынын ортаға салды. Шара соңында экспедиция мүшелеріне облыс әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ.