Негізгі Жаңалықтар Көкшетауда театр құрылысы басталды

Көкшетауда театр құрылысы басталды


ДИКТОР: Көкшетауда жаңа қазақ музыкалық драма театрының құрылысы басталды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Алғашқы кірпіш қалу рәсіміне облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Театрдың нақты қайда салынатыны және өңірде тағы қандай ауқымды әлеуметтік нысандар салынып жатқаны туралы тілшіміз тарқатсын. 

ШУМ: 

РКС: Елімізде театр өнері қарқынды дамып келеді, Президент жаңа ғимараттар салып, қолданыста бар ғимараттарды жаңартуды тапсырды. Осы міндет аясында Сарыарқа шағын ауданында жаңа қазақ музыкалық драма театрының құрылысы басталды. Жоба 300 көрерменге арналған, онда заманауи жарық және дыбыс жабдықтарымен қамтылған соңғы үлгідегі ғимарат болмақ. 

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Әрине, енді мынау, Президентіміз өзі былтыр келгенде, осы Көкшетауға бір ерекше көңіл бөліп. Көкшетау — тек қана облыс орталығы емес, бұл мәдени орталығы. Өйткені осы жерде міне, шыққан талай тұлғалар бар. тарихи енді үңіліп қарайтын болсақ, сол Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, енді Ақмола облысында Иманжүсіп — сондай бір мәдениеті бай, өлкі ретінде, осы театрдың жағдайын ол кісі естіп, сондай міне сондай шешім қабылдады: осы жағалау қопаның, қопаның жағалауын, осындай бір Көкшетауға бір жақсы театр керек.

РКС: Театрдың жаңа ғимаратында көрермендер мен әртістердің жайлылығы жан жақты ойластырылған. Кез келген деңгейдегі қойылымдар үшін ыңғайлы зал және заманауи сахналық технологиялар болмақ. Шығармашылық команда үшін кең репетиция залдары, ыңғайлы гримерлік бөлмелер және барлық қажетті инфрақұрылымдар жасалады. 

СНХ: ЖАНАР ҚҰСАЙЫНОВА, МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: 30 жылдың ішінде, әрине, бұл біз үшін өте қуанышты сәт, тарихи сәт. Барлық Көкшетаулықтардың қуанышы деп ойлаймын. Бұл жаналық үлкен қуаныш, сонымен мен өзімнің әріптестерімді 30 жыл бойы еңбегі еткен театретінің әртістерін құттықтаймын. 

РКС: Сондай-ақ, аймақ басшысы Чайкино ауылындағы жаңа орта мектепте болды. Бұған дейінгі 1971 жылы салынған ғимарат ескі, әрі тар болған. 108 оқушыға небәрі сегіз кабинет еді. Енді мұнда 120 орындық заманауи мектеп салынды. Екі ауысымда оқу орны енді 240 баланы қабылдауға қауқарлы. 

СНХ: САЛТАНАТ ҚАЖЫАХМЕТОВА, №15 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Шынында да, бізге бұл үлкен сондай қуаныш болды, себебі бірнеше жыл бойы ескі мектепте білім алғаннан кейін, оқушыларға да, мұғалімдерге де бұл үлкен бір жеңіс, жетістік болды. өте әдемі кабинеттер, әрбір нәрсесі жаңа, заман талабына сай жабдықталға. Сонымен қатар, бізде болмаған дене шынықтыру залы, спорт зал өте керемет, онда барлық құралдармен жабдықталған екен. Одан кейін актовый зал да бізде мүлдем болмаған музыкалық аппараттар, инструменттер барлығы да бар. Біз өте қуаныштымыз, мұғалімдер тарапынан алғысымыз шексіз.

РКС: Айта кету керек, биыл өңірдегі 10 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатқа мемлекет бюджеттен 5,5 миллиард теңгеден аса қаржы бағыттады. Жаңғыртылған білім беру ұйымдарының жартысы ауылдық жерлерде орналасқан. Жыл соңына дейін Қосшы қаласында 1,5 мың оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы аяқталады. 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу