Негізгі Жаңалықтар Мемлекеттік қызметтегі мансап: мүмкіндіктер мен перспективалар

Мемлекеттік қызметтегі мансап: мүмкіндіктер мен перспективалар


ДК: Мемлекеттік қызмет – ел дамуына үлес қосып, халық игілігі жолында еңбек етуді мақсат еткен жастар үшін маңызды бағыттардың бірі. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Мемлекеттік қызметтегі мансап: мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыбында кездесу өтті. Басқосуға жоғары оқу орнының 4-ші курс студенттері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

РКС: Іс-шараның басты мақсаты – болашақ түлектерге мемлекеттік қызметке орналасу жолдарын түсіндіру, жұмысқа қабылдау тәртібімен таныстыру және кәсіби дамудың мүмкіндіктерін көрсету. Сондай-ақ жас мамандарға қойылатын талаптар мен мемлекеттік қызметшінің бойында болуы тиіс негізгі қасиеттер сөз болды. 

СНХ: РАЙХАН БІРАТАЕВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жаңа сұрақ болды ғой, тәжірибесі болмаса мемлекеттік қызметке орналаса ала ма деп. Иә орналасады. Көбі қате түсінеді. Тек тәжірбиесі болса ғана жұмысқа орналасуға болады деген. Мемлекеттік қызметке, мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымына аудандық, ауылдық, селолық жерлерге конкурссыз орналасу мүмкіндігі бар. егер сіздер жақсы оқысаңыздар GPA 3,33 кем болмаса ауылдық жерге конкурссыз жұмысқа орналаса аласыздар.  

РКС: Кездесу аясында ұйымдастырылған панельдік пікірталас барысында қатысушылар мемлекеттік қызметке қабылдау кезеңдерін, іріктеу талаптарын және еңбек жолында сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді талқылады. Сонымен қатар мансаптық өсу мүмкіндіктері мен мемлекеттік органдардағы күнделікті жұмыстың ерекшеліктері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жергілікті атқарушы органда жастардың үлесі айтарлықтай бар. Қазіргі таңда штаттық кесте бойынша 147 лауазымның 121-і жас мамандар. Олардың шамамен 40 пайызы – 18 бен 30 жас аралығындағы жастар. Ал қызметкерлердің орташа жасы – 40-та. Биыл мемлекеттік қызметке жаңадан келген жас мамандардың қатары тағы да толықты. Жастардың кәсіби қалыптасуында ынтасы мен тәжірибенің маңызы зор.

РКС: Басқосуда әсіресе оқуын аяқтап, болашақ мамандығы бойынша алғашқы қадамын жасауға дайындалып жүрген студенттерге басымдық берілді. Мемлекеттік орган өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби жолды бастаудың тиімді тәсілдері мен қызмет барысында кездесетін мүмкіндіктер туралы әңгімеледі. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауап алды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу