Пробациялық бақылауда жүріп, қашып кетпек болған
ДИКТОР: Бас бостандығынан айырылып, жазасын темір тордың ар жағында емес, пробациялық бақылауда жүріп өтеп жатқан әйел басқа қалаға қашып кетпек болды. Құқық қорғаушылар жауапкершіліктен қашуға әрекет еткен әйелдің жүрген жерін дер кезінде анықтап, қолға түсірді.
РКС: Сотталған әйел электрондық білезікті өз бетінше шешіп, пробация қызметінен Петропавл қаласында жасырынбақ болады. Құрылғыны алып тастағаннан кейін бақылау жүйесі дабылдың жоғалғанын бірден көрсетеді. Құқық қорғау органдары қашқын әйелді бірден іздеуге кіріседі.
СНХ: ОКСАНА ТУПИЦЫНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Тәулік бойы жүргізілген цифрлық мониторингтің арқасында әйел Көкшетау қаласынан шыға берісте ұсталды. Медициналық куәландыру оның ағзасынан психотропты тұзды анықтады. Сот 120 мың теңге айыппұл тағайындады. Жазалау шарттарын қасақана бұзғаны үшін материалдар жазаны нақты бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені қарау үшін сотқа жіберді. Пробация - бұл түзетуге мүмкіндік, бірақ заңмен белгіленген талаптарды бұзу елеулі зардаптарға әкеп соғады.
Аудан тұрғыны шектеу шарттарын бұзғаны үшін жазаланды
РКС: Облыс аумағында тағы бір құқық бұзушылық тіркелді. Біржан сал ауданының тұрғыны 2031 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылған. Соған қарамастан, ер адам мас күйінде қайтадан көлік тізгіндеген. Көлік жүргізуге тыйым салуды өрескел бұзғаны үшін кінәлі азаматқа 10 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, НАИР ЗАХОВАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ