Өнер мен өнеге ұштасқан әзіл додасы
ДИКТОР: Көкшетау қаласында алғаш рет мектеп оқушылары арасында әзіл-ысқақ өнерінен облыстық ойынның финалы өтті. Аудандық іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 5 үздік команда ақтық сында бақ сынады. Олардың қатарында Қосшы, Степногорск қалалары мен Бұланды, Жақсы және Қорғалжын аудандарының жас өнерпаздары бар. Тапқырлық пен шығармашылықты ұштастырған жас әзілкештердің өнерін тілшіміз тамашалап қайтты.
РКС: Күлкі-көңілдің ажары, әзіл-ойдың ұшқырлығы. Ақмола облысының білім басқармасы мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен әзіл кешінде әр команда сахнада өзіндік қолтаңбасын танытып, тапқырлығы мен актерлік шеберлігін көрсете білді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бұл жолғы додада оқушылар тек көрерменнің көңілін көтеріп қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелерді де әзіл арқылы жеткізді. Әсіресе, заң мен тәртіп, құқықтық мәдениет және жасөспірімдердің жауапкершілігі басты назарға алынды. Әр команда сахнада өзіндік қолтаңбасын танытып, тапқырлығы мен актерлік шеберлігін көрсетті.
СНХ: АЙЫМ АЛТАЙ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Мұндай шара ұйымдастырылуы біздің облыс бойынша бірінші рет «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында. Бұл шара тек қана бұл тұжырымдаманы ілгерлету үшін ғана емес, сонымен қатар жас өспірімдер, кәмелетке толмаған балалардың арасында құқық бұзушылық профилактикасын әсер етеді деген оймен ұйымдастырылып отыр.
РКС: Облыстық додаға 7-10 сынып оқушыларынан құралған 30-дан астам мектеп оқушысы қатысты. Шығармашылық пен тәрбиеге толы алаңда барын салған жас дарындар құқықтық сауаттылығын арттырып, заң мен тәртіпке құрметпен қарауды барша көрерменге ойын арқылы көркем жеткізе білді. Оқушылардың өнері мен тапқырлығына тәнті болған команда жетекшілері де өз әсерлерімен бөлісті.
СНХ: ГҮЛЖАН МЕРГЕН, «АЛТЫН САХНА» КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:(БҰЛАНДЫ): Біздің «Алтын сахна» деп аталады. Команда аудандық кезеңде 11 команданың ішінде бас жүлдені жеңіп алды. Және өңірлік кезеңнен 6 команданың ішінде бас жүлдені жеңіп алды. Балаларға ұнайды қатысқан. Қатысп жеңіске ие болған сайын, шабыттанып жатыр.
РКС: Сахнадағы әр әзілдің астарында салмақты ой, әр қойылымның мазмұнында тағылымды тәрбие жатқаны сезілді. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалап, үздіктерді анықтады. Байқау қорытындысы бойынша Қорғалжын ауданының командасы бас жүлдені еншіледі.
ИНТЕРШУМ:
БЛИЦ: ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ «САБЫНДЫ STAR» КОМАНДАСЫ:
- Бізге бүгінгі ойын ұнады. Барша қарсылас командаларға рахмет ойынға.
- Жеңеміз деп мүлдем күткен жоқпыз. Өте қатты адреналин әкелген жеңіс болды. Сенбей тұрмын әлі. Облыстан 1-ші орын алды деген, біздің аудан үшін үлкен мәртебе.
- Өте қуаныштымы осы жетістігіме. Үйде ата-анам өте қуанышты болады.
РКС: Байқау қорытындысы бойынша, бірінші орын Бұланды ауданының командасына бұйырды. Жақсы ауданының командасы екінші орынды иеленсе, Степногорск қаласының құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, еңбектері лайықты бағаланды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ