Қоғамдық кеңестер форумы өтті
ДИКТОР: Көкшетауда «Жаңартылған Конституция аясындағы қоғамдық кеңестерді дамыту» тақырыбында Қоғамдық кеңестер форумы өтті. Оның жұмысына Қазақстан Халық Кеңесінің өңірдегі мүшелері және облыстың аудандары мен қалаларындағы қоғамдық кеңестер, азаматтық сектордың өкілдері мен мемлекеттік орган сарапшылары қатысып, пікір алмасты.
РКС: Қоғамдық кеңес ¬мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз ететін, шешімдердің ашықтығы мен жариялылығын қадағалайтын консультативтік-кеңесші және бақылаушы орган. Халықтың мұң-мұқтажын, ұсыныс-тілектерін мемлекеттік органдарға жеткізіп, билік шешімдері туралы халыққа ақпарат бере отырып, маңызды мәселелерді, бюджет жобаларын және аймақтық даму жоспарларын халықпен бірге талқылайды. Сондай-ақ әр аймақтың нақты түйткілді тұстарын анықтап, оларды шешу жолдарын ұсынады.
СНХ: ҚАБДУӘЛИ ҚҰЛЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Билік пен халықтың арасындағы көпір. Халықты қабылдаймыз, мәселелерін көтереміз, өзіміздің отырысымызда қараймыз. Қарап, шешім шығарып, содан кейін әкімшілікке, мәслихатқа, депутаттарға, тағы да басқа құзырлы органдарға жіберіп, сол мәселелерді шешуге тырысамыз.
РКС: Форумның басты мақсаты қоғамдық кеңестерді дамытудың заманауи бағыттарын, олардың қоғамдық бақылау жүйесіндегі ролін арттыру мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылау, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік басқару үдерістеріне қатысуының тиімді тәжірибелерімен алмасу.
СНХ: ӘЙГЕРІМ ӨТЕГЕНОВА, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Өзімнің тұрып жатқан ауылымда көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр.Инфрақұрылым бойынша басқа органдар жауап бергенімен, ол жайлы да өтініштер келіп жатады. Оны да ескереміз,. Біздің Қараөткел ауылында «Белсенді ұзақ өмір сүру» клубы ашылып жатыр. Қартарымыз зейнетке шыққаннан кейін не істерін білмей қалады. Оларға өздеріінің уақытын өткізетін алаңа құру керек екенбіз. Олардан алатын үлгі, өсиетіміз көп екен.
РКС: Іс-шараның практикалық бөлігіне ерекше назар аударылды. Форумға қатысушылар үшін шақырылған сарапшылардың қатысуымен «Заң және тәртіп», «Қоғамдық кеңестер және Бұқаралық ақпарат құралдары», «Мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы» тақырыптарын қамтыған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Форум барысында қоғамдық кеңестерді жақсы үйлестірген бірқатар азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ