Негізгі Жаңалықтар «Дипломмен-ауылға»: 9 мыңға жуық жас маман ауылдың дамуына үлес қосып келеді

«Дипломмен-ауылға»: 9 мыңға жуық жас маман ауылдың дамуына үлес қосып келеді


ДИКТОР: Биыл «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы аясында 100-ге жуық жас маман еңбек жолын ауылдан бастады. Мемлекеттік қолдаудың игілігін көрген жас мамандардың қатары жыл санап артып келеді. Биыл мамандардың баспана алуына 838 миллион теңге, ал біржолғы көтермеақыға 257 миллион теңге бөлінді.

РКС: Жас педагог Ботагөз Жанасқызының Қараөзек мектебінде еңбек етіп жүргеніне бір жылдан асқан. Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін тәмамдаған соң, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы туған жері - Бұланды ауданына оралады. Тұрғылықты баспанасы болған соң, жас маман 430 мың теңге көлемінде біржолғы көтермеақы алған.

СНХ: БОТАГӨЗ ЖАНАСҚЫЗЫ, МҰҒАЛІМ: Ауыл мен қаланың арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Бүкіл мектептерде жағдай жақсы жасалған болатын. Кабинеттер заманауи технологиялардың барлығы қарастырылған. Жалпы жастарға осы ауылға келіп, жұмыс жасауға ақыл-кеңес берер едім. Себебі осы жерде де жұмыс жасау, тәжірибе алмасу өте тиімдірек болып табылады. 

РКС: Жалпы бағдарлама аясында мектепке 15 жас маман келген. Қазір білім ордасында 37 мұғалім еңбек етеді. Мектеп директоры ұжымда кадр тапшылығы жоқ екенін айтады. 

СНХ: ҚАЛИМАШ ДАЙЫРОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: Өйткені балалар жастарымыз мақсатты түрде осы мектепке қайтып келеді. Ең бірінші тиімділігі – Үкімет тарапынан қолдау. Жастар алдымен көтермеақы алады. Екінші үй алады. Ол өте төмен пайызбен. Одан қалды коммуналдық көмек беріледі.

РКС: Былтыр аймаққа 150-ге жуық жас маман келген. Биыл 235 маманға қолдау көрсету жоспарланған. Бұл мақсатқа 2,2 миллиард теңге қарастырылған. 

СНХ: ЕРЛАН НҰРМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Биыл ережеге өзгерістер енгізілді. Тізімге қосымша мамандықтар қосылды. Цифрлық технологиялар және мұрағат саланың мамандары. Осы өзгерістер келер іске енгізілетін болады. Биыл 2026 жылы 2,2 млрд теңгеге 235 кредит қарастырылған. Оның 100-ге жуығы берілді. Қалғаны жылдың аяғына дейін берілетін болады. 

РКС: Жас мамандардың ауылға келуіне мемлекеттік қолдаудың ықпалы зор. Мәселен, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталғалы аймақта 9 мыңға жуық жас маманға қолдау көрсетілген. Олардың жартысына жуығы баспаналы болды. Бұл мақсатқа бюджеттен 14 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталды. Бүгінде олар ауылдың тыныс-тіршілігін жандандырып, әр саланың дамуына үлес қосып келеді. 

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу