Негізгі Жаңалықтар Жолдау-2026: мұғалім мәртебесі және білім сапасы

Жолдау-2026: мұғалім мәртебесі және білім сапасы


ДИКТОР: Мектептер мен жоғары оқу орындарындағы ескірген есеп беру жүйесі және шектен тыс бюрократия ұстаздардың негізгі жұмысына кедергі келтіріп отыр. Президент биылғы Жолдауында білім беру саласындағы қағазбастылықты жою — уақыт талабы екенін шегелеп айтты. Сондай-ақ, инклюзиялық білім беруге ерекше назар аударды. Президент тапсырмасы жайлы мұғалімдердің пікірін тыңдайық. 

СНХ: ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ОҚЫТУШЫ: Президентіміздің Жолдаудағы негізгі ұстанымы ол педагогтың мәртебесін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде қолға алу. Яғни, ұстазды артық әкімшілік жұмыстан босату, оның кәсіби дамуына, қызметіне, қолайлы жағдай жасау. 

СНХ: БАЛКҮМІС СЕКЕНОВА, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ: Жолдаудағы айтылып кеткендей алдағы уақытта реабилитациялық орталықтардың ашылуы, көңілге өте қонымды. Себебі, нейробиологиялық ғылым даму керек. Оны да назарға алуымыз керек. 

СНХ: МАРАЛБЕК ЖӘНІБЕКОВ, ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Мұғалімнің жұмыстары өте көп. Қағазбастылықтан арыла алмай жатқанымыз өтірік емес. Осы орай да жасанды интеллект көмегімен жұмысымызды жеңілдетсе, алдағы уақытта жақсы болар еді. ЖИ көптеген салаларда қолданып жатыр ғой. Одан да енді жақсы нәтижелер күтеміз.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу